×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Павлодар облысының бұрынғы әкімі мерзімінен бұрын босатуды сұрайды

27.10.2021, 21:04
Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатуды сұрап, сотқа құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, әзірге шешім қабылданған жоқ.

Сот кабинетіндегі істерді қарау кестесінде Болат Бақауовтан өтініш түскені көрсетілген. Сот отырысы 29 қазанға жоспарланған.

Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, сотталушының мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш жазғанын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Болат Бақауов 2020 жылы 16 қаңтарда қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған болатын. Кейінірек сотта Павлодар облысының бұрынғы әкімінің қандай күдікке ілінгені белгілі болды. Бұл іс оның туысының салық төлеуден жалтаруына қатысты болып шықты.

Сот отырысында экс-әкім тексеру қорытындысы бойынша жиені басқаратын серіктестікте салық төлеуден жалтару фактілерін анықтаған мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына қысым көрсеткенін мойындады.  

Әңгіме 200 миллион теңгеден астам сомаға қатысты болып отыр, оның 3 миллион теңгесі мемлекет кірісіне төленді.

Тергеу бірнеше ай бойы жүргізілді. Бастапқыда олар қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, біраз уақыттан кейін ол үйқамаққа ауыстырылды.

Іс сотқа жіберілген кезде бұл бап қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша қайта квалификацияланды. Нәтижесінде экс-шенеунік 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді

Серіктес жаңалықтары