×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстан бюджеті шығынының өсімі былтыр 24,3%-ды құрады: ақша қайда кетіп жатыр

06.03.2024, 18:01
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ұлттық банк ақша-кредит саясаты туралы баяндамасында бюджет шығыны өсіп бара жатқанын жазып, дабыл қағады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қай салаларда шығын өсті?

Ұлттық банктің есебіне сүйенсек, 2023 жылы шығындардың өсімі 24,3%-ды құраған. Шығындар құрамында қорғаныс пен өнеркәсіпке жұмсалатын шығыстардан басқа, қалған салалар айтарлықтай қарқынмен өсіп барады.

– Шығындардың өсуіне педагогтардың жалақысының, студенттердің стипендияларының, оқуға арналған гранттар санының артуы себебінен білім беруге, зейнетақының, жәрдемақының және атаулы әлеуметтік көмектің ұлғаюы аясында әлеуметтік қамсыздандыруға, инфрақұрылымды дамытуға арналған шығындардың өсуіне байланысты ТКШ-ға арналған шығыстар негізгі үлес қосады. Бұдан басқа, Үкіметтің ішкі борышының ұлғаюы аясында оған қызмет көрсету өсіп барады, – деп атап өтеді Ұлттық банк.

Шығынның өсімі 2020 жылы басталды

Ұлттық юанк 2020 жылдан бастап шығындар экономиканың өсуімен салыстырғанда озыңқы қарқынмен өсіп бара жатқанын, бұл фискалдық саясаттың ынталандырушы сипаты туралы куәландыратынын хабарлайды. 2020 жылы экономикалық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бюджет саясаты шығындардың күрт өсуі ақталған кезде контрциклдік сипатта болған. Алайда, кейiнгi жылдары бюджет саясаты проциклдiк сипатқа ие болып, бұл инфляцияға қарсы процестер үшiн кеңiстiк құраған.

– Шығындар құрылымында нақты көріністе негізінен ағымдағы шығыстар өседі (70-график). Бұл фискалдық саясаттың әлеуметтік бағыттылығын көрсетеді және мемлекет тарапынан тұтынушылық сұранысты ынталандыруды көрсетеді. Негізгі құралдарды сатып алуды, оларды жөндеуді және дамытуға жұмсалатын шығындарды қамтитын күрделі шығындарға келетін болсақ, 2020 жылы коронавируспен кең ауқымды күрес кезеңіндегі, сондай-ақ 2023 жылы ТКШ-ға инвестициялардың айтарлықтай өсуі жағдайындағы айтарлықтай өсуді атап өткен жөн, – делінген есепте.

Бұған дейін Ulysmedia.kz порталы Қазақстан бюджеті қайдан құралатынын сараптап жазған еді. Ол кезде де бюджен шығыны мәселесі кеңірек қамтылған.

Серіктес жаңалықтары