×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

02.04.2024, 15:21
Коллаж: Ulysmedia

Елімізде тағы да ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, наурыз айында бұл көрсеткіш 48 692 теңге болған.

Мамандардың есебінше, қазақстандықтар азық-түлікке – 26 781 теңге, ал басқа да тауарлар мен ақылы қызметтерге 21 911 теңге жұмсауы керек.

Теория жүзінде бұл ақшаға бір айға жететін азық-түлік себетіне кіретін өнімдерді сатып алуға болады. Ең төменге күнкөріс деңгейінің көлемі бойынша Маңғыстау облысы көш бастап тұр.

Оқи отырыңыз: Гаджет, қымбат тон, пәтер: қазақстандықтардың банктерге қарызы 18 трлн теңгеден асты

Бұл өңірде ол – 59 404 теңгеге жеткен. Ал ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе облысында тіркеліп, 43 611 теңгені көрсетіп отыр.

Ал минималды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін Астанада – 53 173 теңге, Алматыда – 51 615 теңге, Шымкентте 48 545 теңге керек.

Айта кетейік, Қазақстанда ақпан айында өмір сүрудің орташа құны 48 363 теңгені құрады. Бір айда 309 теңгеге өскен.

Серіктес жаңалықтары