×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Әр облыс қанша табыс тапса, сонша алуы керек»: сарапшы осы пікірге не дейді

04.06.2024, 15:44
«Әр облыс қанша табыс тапса, сонша алуы керек»: сарапшы осы пікірге не дейді
Коллаж: ulysmedia.kz.

Депутаттар бғұан дейін мұнай-газ өндіретін өңірлер республикалық бюджетке көп қаражат құйып, бірақ аз трансферт алатынын айтқан еді. Мұның дұрыс-бұрыстығы жөнінде мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі, Сандж зерттеу орталығының негізін қалаушысы әрі зерттеушісі Жанар Жандосова пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жанар Жандосова мұнай-газ өндіретін өңірлерге бөлінетін трансферттер мөлшері әділ деп санай ма деген сұраққа жауап берді.

Жауап

– Біз елдің біртұтастығына келіскендіктен, өндіруші саладан алынатын салықтар орталық бюджетке түседі. Меніңше, бұл әділ. Өйткені өмір сүруге жағымды, климаты жақсы, суы бар жерлер бар. Шынында да, көп адамдар туады және өмір сүреді. Бірақ Маңғыстау, Атырау, БҚО-да қолайлы жағдайлар болмауы мүмкін. Бірақ онда вахташылар үшін жақсы жағдайлар жасалуы керек. Бірнеше жылдан кейін мұнай болмауы әбден мүмкін. Біз қазір сол аймақтарда тұратын адамдар жағдайға риза болатындай тепе-теңдікті табуымыз керек. Өйткені олар бүкіл Қазақстанға бөлінетін қаражатты табады, - деді ол.

Жандосованың айтуынша, мысалы, Батыс Қазақстанда қанша адам тұратынын ескере келе ақша бөлінісі әділ деп есептейтінін айтты. 
 
– Онда қалыпты жағдайлар жасалуы керек. Егер барлық мұнай кірістері белгілі бір облыста қалса, бұл біртүрлі болар еді. Бұл әділетсіз болар еді. Қазақстан орасан зор, мұнай барлық облыстарға біркелкі бөлінбеген, - деді Жанар Жандосова.

Депутаттың сыны

Мәжілісте өткен отырыста былтыр депутат Абзал Құспан бюджеттің әділ бөлінбеуі салдарынан БҚО-ның қарапайым тұрғындары зардап шегіп жатқанын айтқан еді. Оның сөзінше, Батыс Қазақстан облысы 2020-2022 жылдары республикалық бюджетке және Ұлттық қорға ақша қаражатын аудару көлемі бойынша донор өңірлермен бірдей аударып отыр. 2022 жылы республикалық бюджетке (371,5 млрд.теңге) және Ұлттық қорға (1 386,9 млрд. теңге, көлемі бойынша - 2 орын, Ұлттық қорға түскен түсімнен үлесі - 21,7%) ақша қаражатын аударудың үлкен көлемі кезінде БҚО жергілікті бюджетіне түсетін түсім көлемі бойынша (148,1 млрд. теңге) субвенциялық өңірлер арасында 10-орында тұр.