×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Бүгін соңғы күн: 300 мың адам салық есебін тапсыруы керек

16.09.2024, 08:42
Бүгін соңғы күн: 300 мың адам салық есебін тапсыруы керек
ашық дереккөзден

Биыл табыс туралы декларацияны тапсыратын соңғы күн - 16 қыркүйек. Ескертілсе де жүз мыңдаған адам салық есебін әлі тапсырмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Соңғы күн

– Биыл 250.00 және 270.00 формасы бойынша декларацияларды тапсыру мерзімі 15 қыркүйекке (жексенбі) – демалыс күніне келеді, яғни соңғы күн 2024 жылғы 16 қыркүйекке ауыстырылады, – деп хабарлаған еді бұған дейін салық органдары.

Салық есебін өткізбегендерге не болады

Әуелі салық органдары есеп өткізбегендерге хабарлама арқылы ескерту жолдайды. Ол ескерілмеген жағдайда азаматқа 5 АЕК (55 380 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Ол да ескерілмесе, әкімшілік жауапкершілікке апарып соғады.

Салық есебін қалай тапсыруға болады

Азаматтар салық міндеттемелерін ыңғайлы электрондық қызметтерді пайдалану арқылы орындай алады. Олар:

Салық төлеушінің кабинеті (cabinet.kgd.gov.kz);
Электронды үкімет порталы (egov.kz);
мобильді қосымшалар: e-Salyq Azamat, eGov mobile;
қосымшалар Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz. 

Салық есебін өткізбегендер

Бұған дейін Қаржы министрлігі аталған форма бойынша 2,1 млн адам есеп тапсырып, 300 мыңға жуығы әлі есеп бермегенін хабарлаған еді.

2024 жыл – салық декларациясын тапсырудың үшінші кезеңі. Биыл оны бизнесмендер, заңды тұлға құрылтайшылары мен жұбайлары тапсыруы тиіс.