×
524.66
550.21
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.66
550.21
5.09

2 трлн теңге жетпейді: Үкіметтің қаржылық жоспары орындалмай қалды

17.12.2024, 15:30
2 трлн теңге жетпейді: Үкіметтің қаржылық жоспары орындалмай қалды
Ulysmedia коллажы

Үкіметте кабмин мүшелері қаржы түсімін, бюджет шығынын есептеп, жылдың 11 айын қорытындылап жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

ТҮСІМ – 19 ТРЛН ТЕҢГЕ

Қаржы жағынан қорытынды бойынша қаржы вице-министрі Ержан Біржанов баяндама жасады. Оның айтуынша, мемлекеттік бюджетке трансферттерді есептемегенде 19 трлн теңге түскен. Бұл жоспардың (21 трлн теңге) 90%-ға орындалғанын білдіреді. Оның ішінде республикалық бюджетке 11,8 трлн теңге немесе жоспардың (14,5 трлн. теңге) 82%-ы түскен. Жоспардың орындалмауы салықтар бойынша түсімдердің азаюына (жоспар – 14,3 трлн. теңге, нақты – 10,8 трлн. теңге, орындалмаған – 3,5 трлн. теңге) байланысты болған. Ол 76%-ға атқарылған.

ЖОСПАР НЕГЕ ОРЫНДАЛМАДЫ

Біржановтың айтуынша, жоспардың орындалмауына салық түсімдерінің азаюы себеп болған. Негізгі факторлар:

  • Импорт көлемінің төмендеуі
    Соңғы 10 айда үш елден импорт көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға немесе 2,3 млрд АҚШ долларына азайған.

  • Экспорттық металдардың бағасының төмендеуі
    Негізгі экспорттық металдардың бағасының құлдырауы салдарынан ірі салық төлеушілердің (жалпы 1 327 салық төлеушінің 602-сі немесе 45,4%-ы) аванстық төлемдері 26,7%-ға, яғни 267 млрд теңгеге азайды.

  • ҚҚС қайтарудың ұлғаюы
    Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша қайтару сомасы 981 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп немесе 590 млрд теңгеге артық.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 94%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары – 96%, жергілікті бюджеттердің шығыстары 92%-ға атқарылған. Республикалық бюджет бойынша сомасы 20,8 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді, мұнда әлеуметтік бағыттың басымдығы сақталып қалды.

Мемлекет негізгі әлеуметтік міндеттемелерге:

  • зейнетақы мен жәрдемақыға - 5,2 трлн. теңге;
  • өңірлерге субвенцияларға – 4,8 трлн. теңге;
  • міндетті медициналық сақтандыру қорына – 1,6 трлн теңге жұмсаған.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 13 трлн теңгені құраған.