×
515.31
533.96
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.31
533.96
5.3

Айыппұлдан түсетін ақшаның қазақ бюджетіндегі үлесі қанша

Бүгін, 18:55
Айыппұлдан түсетін ақшаның қазақ бюджетіндегі үлесі қанша
Ulysmedia коллажы

Ulysmedia порталыының бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұхбатында қаржы вице-министрі Азамат Әмрин салық реформасы, жоспарланған өзгерістер және экономикалық саясат туралы сұрақтарға жауап берді.

Әңгіме барысында Әмрин айыппұлдан бюджетке қанша түседі деген сұраққа жауап берді.

Былтыр мемлекеттік бюджетке шамамен 220 млрд түсім түсті. Бюджетке түсетін кірістің жалпы көлемінің бұл 1%-да аз. Маған бұл сұрақ жиі қойылады. Біз айыппұлдарды жоспарламаймыз, - дейді ол.

Ал 100% айыппұлдар бюджетке түсе ме, әлде жеке компанияларға бір нәрсе түсіп жатыр ма деген сұраққа ол былай жауап берді.

Жоқ, айыппұлдар бюджетке бірден 100% түседі, делдалдар жоқ. "Сергек" туралы айтып отырсыз ба? Ол жерде еңбек төлемі бар. Мемлекеттік жекешелік серіктестік шеңберінде жүреді, - дейді ол.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia.kz порталының YouTube арнасынан көре аласыздар.