Қазақстан үкіметі қосылған құн салығы 16% өсіргеннен кейін әлеуметтік тұрғыда аз қорғалған адамдардың еңбекақысы мен әлеуметтік төлемдерін индекстеуге 800 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мәжіліс кулуарында ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмртин қосымша құн салығы 16% болса, бюджет қосымша 4-5 млрд теңге жиналатынын айтады. Осы ақшаның есебінен мұқтаж адамдарға айлық пен зейнетақы, жәрдемақылар индекстеледі.
Бұл бағытта шамамен 800 млрд теңге бөлеміз. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамында базалық инфляция 7-8 пайыз болып белгіленген. Оған қосымша 3 пайыз инфляция болады деп отырмыз. Сонда шамамен 11 пайыз көлемінде. Біз онсыз да жыл сайын инфляцияны индекстеп келеміз. Бұл жолы осы қосымша үш пайыз инфляцияны индекстейміз. Сонда айлық пен зейнетақыға, жәрдемақыларға 3 пайыз индекстеу болады, – деді Азамат Әмрин.
Еске сала кетсек, Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеп жатқанын хабарлағанбыз.
Сондай-ақ бизнесвумен, Салық альянсының мүшесі Жанар Сүлейменова Қазақстан үкіметінің ҚҚС ставкасын 20 пайызға дейін көтеру туралы ұсынысына үн қатып, бастамаға қарсылық білдірді.
Экономикалық даулар саласындағы адвокат, бұрынғы салық кеңесшісі Жангелді Сүлейманов те Үкіметтің Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) ставкасын 20 пайызға дейін көтеру идеясымен келіспейтінін жеткізді. Кейін үкімет бұл салықты 16 пайыз болатынын айтты.