×
518.57
566.59
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.57
566.59
6.05

Мұнай рекорд деңгейінде өндірілсе де, Ұлттық қорда түсім неге аз – сарапшы пікірі

04.04.2025, 18:05
Мұнай рекорд деңгейінде өндірілсе де, Ұлттық қорда түсім неге аз – сарапшы пікірі
Ulysmedia.kz коллажы

Мұнай саласының сарапшысы Олжас Байділдинов Қазақстандағы мұнай өндірісі көлемі мен Ұлттық қор түсімдеріне қатысты ахуалды талдап айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Экономистің айтуынша, елде мұнай өндіру көлемі артқан, баға тұрақты, алайда Ұлттық қорға түсетін салықтар мен төлемдер күрт төмендеген.

Бұл қалай болғаны? – деп таңданыс білдіреді сарапшы.

Ол дереккөздерге сілтеме жасай отырып, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Ұлттық қорға құйылған қаражат көлемі 46 пайызға азайғанын, ал қаражат алу көлемі бұрынғыдай жоғары күйінде қалғанын атап өтеді.

2025 жылдың І тоқсанында Ұлттық қорға 520 миллиард теңге ғана түскен, ал 1,45 триллион теңге шешіп алынған. Басқаша айтқанда, Ұлттық қор үш айда инвестициялық табысты есепке алмағанда, шамамен 2 миллиард долларға жұтаңдаған. Корпоративтік табыс салығы 60 пайызға, пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС) 76 пайызға, ренталық салық 41 пайызға, ал өнім бөлісу жобаларындағы мемлекеттің үлесі 12 пайызға азайған, – деп нақтылайды Байділдинов.

Оның мәліметіне сүйенсек, Қазақстан биыл І тоқсанда тәулігіне 2,1 миллион баррельден астам өндірумен өзінің тарихындағы ең жоғарғы мұнай өндіру көрсеткішіне жеткен. Сонымен қатар, Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы осы жылдың қаңтар-наурыз айларында былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 0,1 пайызға жоғары болған.

Меніңше (қателесуім де мүмкін), Ұлттық қорға түсетін салықтар мен төлемдердің азаюы Теңізшевройлдың құны 48,5 миллиард долларлық Болашақ кеңейту жобасының (ПБР) аяқталуымен байланысты болуы ықтимал.

Логика бойынша, бұл сома жобаны іске қосқаннан кейін амортизациялана бастайды, яғни салық салынатын базадан шегеріледі. Осы келісімшарттарды мұқият оқымай, бізді қалай шыр айналдырғанын ұғу мүмкін емес, – дейді Байділдинов.

Қысқаша айтқанда жұмбақ: мұнайды рекордтық көлемде өндіріп жатырмыз, баға да түскен жоқ, ал Ұлттық қорға түсім күрт құлдырады, – деп түйіндейді сарапшы.

Бұған дейін де Ұлттық қордан алынған қаражат оның кірісінен асып, 1,45 триллион теңгеге жеткені белгілі болған.