Парламентте жаңа салық кодексі жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қосылған құн салығын 16 пайызға дейін көтеру ұсынылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу шегін 40 миллион теңге көлемінде белгілеу көзделіп отыр.
Бұл – біз жеткен ымыра шешім. Алайда осыған байланысты 160 мың жаңа салық төлеушіден және 400 миллиард теңге қосымша кірістен айырылып отырмыз. Енді жеке кәсіпкерлікті тіркеу де күрделене түседі, – деді Жұманғарин.
Қазақстанда бюджет тапшылығын еңсеру мақсатында салық реформасы қызу талқыланып жатыр. Бүгін мәжілісте құжат бірінші оқылымда қаралып жатыр. Үкімет 16 пайыздық базалық ҚҚС мөлшерлемесін енгізуді, бірқатар басым бағыттағы салалар үшін 10 пайыздық төмендетілген мөлшерлеме белгілеуді және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді бұл салықтан босатуды ұсынып отыр.