×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Елімізде жаңа жәрдемақы түрі бекітілді

23.09.2021, 13:30
фото: Ашық дереккөзден

Бүгін сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен палата отырысы болды. Онда депутаттар қазақстандықтарды әлеуметтік қорғауды күшейтуге қатысты бірқатар заң жобасын қарады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Сенат мәліметінше, енді ерекше қажеттіліктері бар балалар мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды бір мезгілде ала алады. Сонымен қатар аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік жеңілдіктер топтамасын беру және әлеуметтік қызметтер порталы арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге кепілдік беріледі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсартатын осы және басқа да бірқатар жаңалықтар бүгін сенаторлар мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда жазылып отыр.

«Қабылданған заң мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, оның ішінде балалардың жағдайын жақсартуға, әлеуметтік теңсіздіктерді жоюға, қолданыстағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін одан әрі жетілдіруге арналған. Алдағы уақытта осы заң мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыздың және ерекше қажеттілігі бар балалы отбасылардың құқықтарын қамтамасыз етуге, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсерін тигізеді деп сенеміз», - деді М.Әшімбаев.

Серіктес жаңалықтары