×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Таразда жарылыстан қаза тапқан құтқарушылардың отбасыларына 20 млн теңгеден беріледі

27.09.2021, 09:59
фото: Ашық дереккөзден

Қаржы жайлы толығырақ төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтып берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Тараздаға жарылыстар кезінде қаза болған құтқарушылардың отбасылары 20 млн теңгеден алады. Бұл туралы «Хабар 24»-ке берген сұхбатында ТЖМ басшысы Юрий Ильин айтты.

Ведомство басшысының мәліметінше, қаражат жергілікті бюджет есебінен аударылады.

«Үкімет қаза тапқан адамның әр отбасына 10 миллион теңгеден аудару туралы шешім қабылдады, оның 5 миллион теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінеді. Біз бір күндік жалақыны жинадық. Яғни, өз еркімен аударғысы келген қызметкерлер шотқа ақша аударды. Осылайша, ҚР ТЖМ есебінен шотқа 5 миллион теңгеден өз еркімізбен аудардық. Оған қоса, ем-домды қажет ететін адамдар да бар», - деп түсіндірді министр.

Бұған қоса Ильин қаза болған адамдардың отбасына мұрагерлік құқығының заңдылығы анықталған жағдайда 60 айлық ақшалай үлес төленетінін жеткізді.

26 тамызда Жамбыл облысында әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасы өртеніп, бірнеше жарылыс болған еді. Салдарынан бірнеше адам мерт болды.

Серіктес жаңалықтары