×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Астанадағы ақылы тұрақтар: кімнің қалтасына қанша түседі

24.04.2023, 10:36
фото: ашық дереккөзден

Бұл сұраққа Астана қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мемлекет-жеке меншік әріптестігінің шарты жасалған сәттен бастап, яғни, 2018 жылғы қарашадан 2022 жылғы желтоқсанға дейін тараптар арасындағы табысты бөлу мемлекеттік әріптеске – 5%, жеке серіктеске – 95% мөлшерінде белгіленген», - деп хабарлады басқарма.

Бұл ақылы тұрақтан түсетін табыстың 5%-ы бюджетке, 95%-ы «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-не тиесілі деген сөз.

«Мемлекеттік бюджетке 5% түсім аясында 12 млн тенгеден астам табыс түсті», - делінген хабарламада.

«Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-нің табыс үлесі 95% екенін ескерсек, 2018 жылдың қарашасынан бері компания 228 млн теңге табыс тапқан болып шығады.

Ал бюджетке ақылы тұрақ ақысына қарағанда айыппұлдардан түсетін кірістің мөлшері қомақты.

«МЖӘ шарты жасалғаннан бері қала бюджетіне айыппұлдан 2 млрд теңгеден астам кіріс түскен», - деп нақтылады басқармадан.

Серіктес жаңалықтары