×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Биыл Астанада қатып қалмаймыз ба?»: депутат Бәпи жылу мәселесі жайлы

21.06.2023, 10:34
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи бүгінгі отырыста Астана әкімдігі өкілінен "сақалды құрылысқа" айналған үшінші жылу электр стансасы жайлы сұрады. Нысанның салынып жатқанына биыл 14 жыл болған. Депутаттың айтуынша, жылдан жылға жоба құны қымбаттап бара жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Менің қолыма түскен мәліметке қарағанда, Астанадағы үшінші жылу энергия орталығының салынып жатқанына 14-ші жылға кетіп бара жатыр. Мұның ең басты қызығы – жыл сайын құрылыстың құны өсіп барады. Алғашында, 86 млрд теңге деген құрылыс құны 122 млрд теңгеге көтерілген. Енді биыл тағы 54 млрд теңгеге бағасын көтеріп отыр. Бұл не деген алтын құрылыс екенін мен түсінбеймін. Мұның әлі бітетін уақыты белгісіз», - деді Бәпи бүгінгі отырыста.

Ол «Алматы жақтан көшіп келгенін, биыл қыс қатты болады деген жорамал барын» атап өтті.

«Астанаға халқымен бірге биылғы қыста қатып қалмаймыз ба? Осыншама миллиардтарға кім жауап береді? Нысанды қашан тапсырады?» - деп сұрады депутат.

Бұл сұраққа жауап берген Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбеков «Астанаға жылу қуаты жетпей жатқанын» мойындады. Оның сөзінше, шамамен 440 Гкал жетпейді.

«Биыл бөлінген 100 млрд теңгенің арқасында ЖЭО-ның жылу бөлігін жабамыз. Қарашада. 1 қазанға дейін жалпы қуаттылығы 220 Гкал болатын екі қазандық іске қосылады. Оған қоса газ және жылу стансасын іске қосамыз. Сол жағалауда. Оның жалпы қуаттылығы 690 Гкал. Биыл меніңше, қарашаның соңына дейін дефицит емес, профицитке шығамыз», - дейді ол.

Астана ЖЭО-3 бойынша Солтамбеков бүгінгі таңда жоба 23 млрд теңгеге қымбаттағанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары