×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Атырауда экс-шенеунік өзі басқарған мекемеден миллиондап тендер алды

19.10.2021, 13:54
Атырауда экс-шенеунік өзі басқарған мекемеден миллиондап тендер алды
Коллаж: ulysmedia.kz

Атырау облысы әкімдігіне қарайтын шығармашылық орталық мемлекеттік тіркеуден өткеніне бірнеше күн ғана болған «Талант» жеке кәсіпкерлігімен миллиондаған теңгеге келісімшарт жасасқан. Ал аталған кәсіпкерлік иесі – шығармашылық орталықтың бұрынғы директоры Бақытбек Сартбаев. Ол әкімдікке бағынышты орталықтағы басшылық қызметінен кеткен күннің ертесінде-ақ өзі басқарған мекемеден жеке кәсіпкер ретінде мемтапсырыс алып отыр. Ulysmedia тілшісі осы жайттың жай-жапсарын анықтап көрді.

МЕМҚЫЗМЕТТЕН МЕМТАПСЫРЫСҚА ДЕЙІН

Биыл ақпанда Атырау облысы мәдениет басқармасына бағынышты «Халық шығармашылығы орталығы» совет әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 32 жыл толуына арналған салтанатты шараны ұйымдастыруды «Талант» жеке кәсіпкерлігіне тапсырды.

Осыған байланысты қос тарап 12 ақпанда ресми түрде келісімшартқа отырған. Дегенмен бұл сатып алу бойынша жеңімпаз анықталып, келісімшарат процестері басталған уақыт – ақпан айының 4-і. Ал «Талант» ЖК 2 ақпанда құрылған. Демек аталған кәсіпкерлік ресми тіркелген соң екі тәуліктен кейін-ақ алғашқы тендерін алған болып тұр. Бірақ ең қызығы бұл емес. «Талант» ЖК-ның иесі – 36 жастағы экс-шенеунік Бақытбек Сартбаев. Ол келісімшарт процестері басталардан бір күн бұрын, яғни, 3 ақпанға дейін өзіне тендер берген мемлекеттік мекеменің директоры қызметін атқарған.

Суретте: Шығармашылық орталықтың бұрынғы директоры Бақытбек Сартбаев

Демек Сартбаев мемқызметтен кете сала бірден мемтапсырыс саласына ойысқан болып тұр. Ал оның алғашқы инвесторы, яғни тапсырыс берушісі – өзі басқарып кеткен мемлекеттік мекеме.

Сартбаев Атырау әкімдігіне қарайтын бұл орталыққа 2017 жылдың ақпанынан бастап басшылық етті. Ал ол кеткелі бері бұл орталықтың директоры – Жәнібек Аманиязов.

«ТАЛАНТТЫҢ» АЛҒАШҚЫ ТАПСЫРЫСЫ

Бірнеше ай бұрын болған бұл тендерде тапсырыс беруші мекеме сарапшылар жиі сынға алатын бір көзден сатып алу тәсілін қолданған. Яғни, Атыраудағы шығармашылық орталық тендер жеңімпазын анықтарда ашық конкурс жарияламай, бірден «Талант» ЖК-мен келісімшартқа отырған.  

Бастапқыда бұл сатып алуға 2,9 млн теңге бөлінген, бірақ кейін қосымша келісмшарт жасалып, салтанатты шараның бюджеті 1,9 миллионға дейін қысқарды. Мемсатып алу порталының дерегінше, шығармашылық орталық «Талант» ЖК-ның есеп шотына 1,9 млн теңгені 16 ақпанда аударып қойған.

Жалпы мемсатып алуды бір көзден өткізуге заң бойынша ондаған негіз бар. Бірақ бұл тәсілге жүгінетін тапсырыс берушілер тендер жеңімпазын өз саласында өнімді жұмыс атақарып келе жатқан компаниялар арасынан айқындайтын. Ал Атыраудағы шығармашылық орталықтың салтананы шараны өткізуді екі-ақ күндік тарихы бар жеке кәсіпкерлікке тапсырарда қандай негізге сүйенгені түсініксіз.

БІР КӨЗДЕН БЕРІЛГЕН ТАҒЫ ТӨРТ ТЕНДЕР

Ақпандағы мемтапсырыстан кейін де «Талант» ЖК-мен «Халық шығаршылығы орталығы» арасындағы байланыс үзілге қойған жоқ. Керісінше, Сартбаев бұрын өзі басқарған мекеменің «сүйікті» мердігеріне айналғандай. Өйткені шығармашылық орталық Сартбаевқа тағы төрт іс-шара өткізуді тапсырды.

Олардың атауы төмендегідей:

  1. Батыс өңіріне тән көрісу мерекесіне арналған мәдени көпшілік шара. Бюджеті: 15,2 млн. Келісмшарт наурызда жасалған.
  2.  Халық әртісі Роза Рымбаеваның репертуарындағы әндерден «Атамекен-ай» фестивальі мәдени шарасын өткізу. Бюджеті: 3 млн. Келісшарт маусымда жасалған.
  3. Қаршыға Ахмедияровтың  туғанына 75 жыл толуына орай мәдени шара өткізу. Бюджеті: 15,7 млн. Келісшарт тамызда жасалған.
  4. «Тәуелсіздік еліміздің тірегі» ҚР Конституциясы күніне арналған мәдени шара. Бюджеті: 9 млн. Келісімшарт тамызда жасалған.

Жоғарыдағы төрт тендер де бір көзден сатап алу  тәсілі арқылы өткен. Бірақ тапсырыс беруші («Халық шығармашылығы орталғы») порталда ешқайсы жайлы да есеп бермеген. Ал Мемлекетік сатып алу туралы заңға сәйкес, тендер бір көзден сатып алу тәсілі арқылы өтсе, тапсырыс беруші келісімшарт жасалғаннан бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей порталға есепті орналастыруға міндетті. Ол есепте мердігерді таңдаудың негіздемелері де қамтылуы тиіс.