×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

ФИФА рейтингі: Қазақстан 210 елдің ішінде 125-ші орында

16.11.2021, 13:58
Карикатура: Ғалым Смағұлұлы

Қазақстан ФИФА рейтінгінде 125-ші орында деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Әлем чемпионатында Франция құрамасынан 0:8 есебімен ұтылған Қазақтан аяқдопшылары жанкүйерлер тарапынан қатты сынға ұшырады. Тіпті футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбековты айыптап, отставкаға кетуін талап еткендер болды. Белсенділер соңғы 3 жылда Қазақстан футболына 105,6 млрд теңге жұмсалғанын жазса, федерация басшылығы халықтан кешіріп сұрап, өткен және осы жылдары Қазақстан футбол федерациясына мемлекет бюджетінен 200 миллион теңге бөлініп, ол түрлі ұлттық құрамаларды халықаралық жарыстарға қатыстыруға жұмсалғанын мойындады.

ФИФА — Футбол Қауымдастықтарының Халықаралық Федерациясы, халықаралық басқару ұйымы. Бас кеңсесі Швейцариялық Цюрихте орналасқан. ФИФА ірі халықаралық футбол додаларын, негізінен 1930 жылдан бері ұйымдастырылатын ФИФА әлем кубогін, басқарып, ұйымдастыруға жауап бередi. ФИФА-ға 208 ассоциация мүшелері кiредi, бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелер санынан 16-ға, ал Халықаралық Олимпиада комитетi мүшелері санынан 3-ке артық.

ФИФА рейтінгінде алғашқы үштікте Бельгия, Бразилия және Франция. Өзбекстан 84-ші, Қырғызстан 96-шы орында. Ал соңғы 2010-шы орында Сан-Марино. Кеше Англияның футболдан ұлттық құрамасы Сан-Марино командасын 10:0 есебімен жеңіп, жеңілу есебінде Қазақстан командасынан асып түсті.

P.S Қызу талқыға себеп болған тақырыпқа орай ulysmedia.kz кезекті карикатураны  назарларыңызға ұсынады.

Серіктес жаңалықтары