×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Еуропа кеңесі Қазақстанда жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмысқа баға бермек – агенттік

13.09.2021, 18:26
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл қылмыскерлерді экстрадициялау, шетелге шығарылған активтерді қайтаруға сеп болмақ.

Еуропа Кеңесінің сарапшылары Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесін алғаш рет бағаламақ Қазақстанға 2021 жылғы 7-10 қыркүйек аралығында бағалау мониторингінің 1-2 раунды аясында ГРЕКО бағалау тобы алғашқы сапармен келді, деп хабарлайды Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

«Сарапшылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негізін және қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді бағалайды. Иммунитеттерді алып тастау, сыбайлас жемқорлық кірістерін тәркілеу, мемлекеттік органдардың ашықтығы, мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі және сыбайлас жемқорлық үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударды»,- делінген хабарламада.

 Естеріңізге сала кетсек, ГРЕКО Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі органы және халықаралық шарттарда бекітілген стандарттарды сақтау және тиімді қолдануға жауап береді.

«Биыл наурыз айынан бастап сарапшылар қазақстандық заңнаманы зерделеді. Осы сапарда шетелдік бағалаушылар мемлекеттік орган өкілдерімен, ҮЕҰ, БАҚ және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесті. Алынған ақпаратты қорыту нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру жөніндегі ұсынымдармен қоса бағалау есебі жасалады», - дейді агенттік өкілдері.

Ұсыныстар тізбесі келесі жылдың наурыз айында ГРЕКО-ның пленарлық отырысында бекітілетін болады. Оны орындау үшін біздің елге 18 ай беріледі. Ұсыныстарды сапалы орындау Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенциясын және бірқатар басқа да маңызды халықаралық шарттарды ратификациялауға жол ашады. Оларға қосылу қылмыскерлерді экстрадициялау және шетелге шығарылған активтерді қайтару бөлігінде шетелдік әріптестермен неғұрлым тиімді ынтымақтасуға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары