×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Биыл Қазақстанның қанша азаматы шетелде демалды

20.10.2021, 14:30
фото: Ашық дереккөзден

Карантинге қарамастан биыл 300 мыңнан астам адам шетелде демалған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Биыл 300 мыңнан астам қазақстандық шетелде демалған. Мұндай көрсеткіш тіпті пандемияға дейін болмады дейді мамандар. Ішкі туризм де айтарлықтай алға басқанын айтады. Осыған байланысты ел қоржынына түсетін пайда да еселенген, дейді «Астана» телеарнасы.

Елордалық Айнұр биыл 3 айдың ішінде 10-нан астам отандық демалыс орнында болған. Оның айтуынша, бізде ішкі туризм әлсіреп тұр. Ал бағасы «шетелге барып келгеннен де жоғары» дейді.  

«Мысалы, шетелде транспорттық жүйе жақсы дамыған. Күтіп алу, қарсы алу және де анимациялық әртүрлі қызықты бағдарлама әрқашанда дайындалып тұрады. Жетістіктерге жету үшін бізге біраз жұмыс істеу керек. Біздің транспорттық жүйеміз, сервистік жүйеміз әлі де жақсы жұмыс істеуді қалайды», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Айнұр Жағыпарова.

Былтыр сыртқы туризм күрт төмендеп кеткен еді. Бірақ биыл кей елдерге шекара ашылған соң, өзге жаққа демалысқа баратындар көбейген. Әсіресе, Туркия, Мысыр және Біріккен Араб әмірлігіне сұраныс жоғары дейді мамандар.    

«2020 жылғы 9 айдың қорытындысын қарасақ, тек 64 мыңнан астам турист шетелге демалуға шыққан. Ал енді 2021 жылғы 9 айдың қорытындысын қарасақ, туристердің саны 320 мыңға жетті. Плюс тенденция бар», - дейді «Туристік қамқор» КҚ директоры Асылхан Есілов.

Мамандардың айтуынша, ел ішінде қыдыратындар да көбейген. Биыл туристер 70 пайызға артқан. Туристердің көбі Алматы, Шымкент, Жамбыл және Сарығашта орналасқан курорттық нысандарға жиі барады. Түркістанға сапарлап жатқандар тіпті көп.

Осының арқасында мемлекеттік қорға 45 млрд теңгеге жуық қаражат түскен. Ал курорттық аймақтарда 59 жаңа нысан салынған.

«Бұрын жазғы бағыт ретінде көбінесе Балқаш, Маңғыстау жағы танылса, олардың қатарына кейінгі жылдары Алакөлдің қосылғанын білесіз. Енді қазір Алматыны көшбасшы ретінде жеке қойсақ, одан кейін өз орнын бермей келе жатқан Бурабай бар», - деді Kazakh tourism ұлттық компаниясы туристік өнім дамыту департаментінің директоры Даниел Сержанұлы.

«2019 жылы 70-тен аса мемлекеттен елімізге визасыз кіру мәселесі жоспарланған еді. Карантин салдарынан бұл жұмыс тоқтап қалды. Мамандардың айтуынша, биыл үкімет  30 елдің азаматтарына Қазақстанға визасыз кіруге рұқсат  бермек», - деді тілші Динара Жарқынбек.

Серіктес жаңалықтары