×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстандықтар 2024 жылдың сәуір айына дейін заңды күші бар петиция жаза алмайды

14.12.2023, 10:57
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин қазақстандықтар петиция жаза алатын платформа 2024 жылдың сәуірінде дайын болатынын мәлім еткен еді. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров оған дейін ел азаматтары петиция жаза алмайтынын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Заң күшіне алты айдан (ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң) күшіне енеді. Бұл сәуір айының басы – 4 немесе 5 сәуір болып саналады. Сол уақыт келгенде петиция заң шеңберінде жұмысын жасайды. Қазіргі таңда заң әлі күшіне енген жоқ», - деді Данияр Қадыров сенат кулуарында.

Оған дейін азаматтар петиция жазғысы келсе, не істеуі керек деген сұраққа вице-министр «мен заңға қайшы бара алмаймын» деп жауап берді.

«Петиция жазам десе, е-өтініш бар. Сол арқылы өздерінің ұсыныстарын беруге ешқандай шектеу жоқ. Петицияыға қарап қалған ештеңе жоқ ол жерде», - дейді ол.

Данияр Қадыров зорлық-зомбылыққа қарсы басталған, 150 мыңға жуық адам қол қойған петицияны қарауға заңды мүмкіндік жоғын атап өтті. Алайда азамат ретінде сол топтың белсенділері мемлекеттік органдарға арыз жазса, оны міндетті түрде мемлекеттік органдар қарайтынын мәлім етті.

«Сол белсендір жазып берсін. Қазіргі таңда енді ол мәселе петициямен қаралмаса, жоқ болып кетпеийді ғой. Ол мәселе қалады. Соған баиланысты оны қарастыру керек. Алайда арыз түссе, белсенділер келіп мемлекеттік органға арыздарын берсе, «міне, жүз елу қол жиналды, осы арызды қарастыруды сұраймыз» десе, мемлекеттік орган оны міндетті түрде қарайды», - дейді ол.

Е-өтініш арқылы азаматтар арыз бере алғанымен, петиция бере алмайтынын Қадыров растады.

«Тағы да қайталаймын: петицияның жұмысы е-өтініштің ішінде жеке модуль болып шығады», - дейді ол.

«Яғни Қазақстанда азаматтар петиция жаза алмай ма?» деген сұраққа вице-министр нағыз петицияны жаза алмайды қазір» деп жауап берді. 

«Өйткені онлайн-платформа сәуір айында дайын болады. Өйткені әрбір адам жанайқайын арыз немесе белсенділер арқылы бере алады. Бұл мәселені бәріміз біліп отырмыз. Оны шешу керек. 150 мың адамның қолы жиналса, әрбір адамның дауысы өте маңызды», - дейді Қадыров.

Серіктес жаңалықтары