×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстаннан былтыр 13 мыңға жуық маман АҚШ пен Еуропаға кетіп қалған

Қазақстаннан былтыр 13 мыңға жуық маман АҚШ пен Еуропаға кетіп қалған
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бүгінде шетел асып, білім алу, жұмыс істеу қиын емес. Сон­дықтан шығар, кейінгі жылдары сыртқы көші-қон толастамай тұр. Әсі­ресе, жайлы өмір іздеген жас мамандар жат жұрттан «жұмақ» іздеп, мұхит асып жата­­ды. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, былтыр Қазақстаннан 12 732 адам шетелге кетіп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Статистика не дейді?

Оның 9948-і ТМД елдеріне, қалған 2784-і басқа елдерге тиесілі. Есесіне 2022 жылмен салыстырғанда Қазақстанға келгендердің саны 37,4 пайызға артқан.

Елімізден кететін мамандардың негізгі бөлігін техникалық (2809 адам), экономикалық (1456 адам), педагогикалық (75 адам) және заңгерлік білімі бар (421 адам) азаматтар құрап отыр екен.

2023 жылы Қазақстанға әртүрлі елдерден 19 136 азамат келген. Бұл соңғы 9 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш екенін ерекше атап өткен жөн. Әрбір үшінші мигрант Ресей мен Өзбекстанның тумасы болып шықты.

Қазақстандық мамандар қай елдерді таңдайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атап өткендей, Қазақстан азаматтары үшін ең тартымды елдер Германия, АҚШ және Польша болса керек. Жоғары білімді әрі білікті мамандардың Қазақстаннан кетуді таңдауына жоғарыда аталған елдердегі өмір сүру деңгейі мен жалақының жоғары болғандығы себеп.