×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Елімізде діни уағыз айту енді арнайы құжатпен реттеледі

Фото: ашық дереккөз

Бүгін Астанада өткен І республикалық уағызшылар форумында "Уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті" тұғырнамасы қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұровтың айтуынша, тұғырнамада халық арасында уағыз айтып, жамағатқа адал мен арамды түсіндіріп жүретін имамдарға қажетті ереже-қағидалар қамтылған.

Бұл құжаттың мақсаты – ҚМДБ-на қарасты мешіттерде уағыз-насихат жұмыстарының бірізділігін қамтамасыз ету, дін қызметкерлеріне дініміздің құндылықтарын дұрыс бағытта дәріптеу үшін бағыт-бағдар беру, уағыз-насихат айтудың методикасына назар аудару және діни уағыз-насихаттың моделін қалыптастыру, – деп атап өтті Батыржан Мансұров.

Қазақтың дәстүрін жоққа шығаратындар бар

Еске салсақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырауда өткен ғылыми конференцияда қазақтың дәстүрін жоққа шығарып, ел ішіне ылаң салып жүргендер бар екенін айтқан болатын. 

Экстремизмнің алдын алу үшін ұлттық салт-дәстүрді, дұрыс шариғатты дәріптеу қажет деп есептеймін. Дәстүр дегеніміз – елімізде қалыптасқан діни тәжірибелер тізбегі және біздің өмір сүру салтымыз. Бүгінде қазақтың дәстүрін жоққа шығарып, ел ішіне ылаң салып жүргендер жоқ емес. "Қазақ дінсіз болған" деген сынды шала түсініктегілер елімізді ислам дініне енді тәй-тәй басқан баладай көрсеткісі келді, – деді бас мүфти.

Серіктес жаңалықтары