×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Баланы қайтара алмаймыз: Қазақстандықтар алматылық оқушының қазасы жайлы

28.10.2021, 17:15
фото: ашық дереккөзден

Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы қаза тапқан болатын. Бұл ақпаратты мектеп пен полицейлер растады. Сақшылар «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғады. Кейбір дереккөздері бала 11 қабаттан секіріп кеткен дейді. Қандай жағдай болса да, баланың өлімі ешкімді бейжай қалдырмады. Әлеуметтік желі қолданушылары да өз пікірін білдіріп жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Блогер Аида Джексенованың бұған дейінгі мәліметінше, 8-сынып оқушысы мектептегі психологпен әңгімелескеннен кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Жасөспірім күзгі балға Гарри Поттер стилінде, белдемше (юбка) киіп келген. Ашуланған куратор оны психологқа алып барған. Содан кейін жеткіншек 11-қабаттың терезесінен секіріп кеткен.

Жаныс Нұрланқұл есімді азамат БАҚ пен әлеуметтік желіде тараған осындай жаңалықтарға келесідей пікір жазыпты.

«Мәселе қайда?... Психолог оны ұялтқысы келіп, артық кеткен шығар... Мүмкін ол белдемше кисең, өмір сүрмейсің деп айтқан шығар», - деді Жаныс Нұрланқұл.

Ал Умма есімді азамат былай депті.

«Егер бала мектепке белдемшемен барса, бұл - жасырын түрде көмек туралы жанайқай. Егер бала өзіне назар аудартуға тырысса, оны бірдеңе мазалайды деген сөз. Бірақ психологтың оны сол жағдайға жеткізгені дәлелденбесе, оны айыптап керек емес. Мүмкін ата-анасы өз жұмыстарымен айналысып, ұлына көңіл бөлмеді. Мүмкін мектепте жүктеме көп болды. Психикасы нашар болған шығар. Әртүрлі себеп болуы мүмкін», - деді Умма.

Фейсбук қолданушысы Мирас Нұрмұханбетов өз парағында келесідей ойын білдіріпті.

«НЗМ-де Гарри Поттерге арналған бал болды. Оған сегізінші сынып оқушысы әзілдеп, белдемше киіп келді. Бал ғой енді... Ал бір мұғалім (куратор) ашуланып, күштеп (!), оқушыны мектеп психологына (!!!) алып барды. «Әңгімелескеннен» кейін бала 11 қабаттан секіріп кетті...

Полиция «өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бабымен іс қозғады. Бірақ баланы қайтара алмаймыз! …

Бұл неткен жағдай? Кейбіреулер тіпті куратор мен психолог дұрыс істеді дейді... Баланы құтқарып қалғысы келді ме? Құтқарғаны осы ма?…

Және де, бұл жағдай элиталы мектепте болды! Бұл жерде бір-екі сөгіс және жұмыстан шығарумен іс бітпейтініне сінемдімін. Бұл - емделуі тиіс қоғамның диагнозы…

Баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Жексұрындар, олар саған не істеді?...», - деді Нұрмұханбетов.

Серіктес жаңалықтары