×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Иманбек Grammy мүсінін қолына алды

28.10.2021, 19:56
Фото: instagram.com/imanbekmusic

Қазақстандық диджей және продюсер Иманбек Зейкенов Grammy мүсінін қолына алды. Аталған мүсін АҚШ-тан ұшып келды,  деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы ол Инстаграм желісіндегі жеке парақшасында бөлісті. Онда музыкалық продюсері мен достары Иманбектің қуанышын бөлісіп, құттықтауда.

Еске сала кетсек, Иманбек әлемдегі ең беделді музыкалық сыйлықтың жеңімпазы болған еді. Пандемияға байланысты Grammy мүсінін қолға алу мүмкіндігі болмады. Халықаралық жүлдені жиырма жастағы жігіт америкалық рэпердің «Roses» композициясына жасаған ремиксі үшін алды.

Былтыр 25 қарашада Imanbek лақапатымен белгілі Иманбек Зейкеновтің Roses атты әнге жазған ремиксі «Грэммиге» ұсынылғаны белгілі болды. Ол – «Грэммиге» ұсынылған алғашқы қазақстандық. Бұған дейін Қазақстанның атынан «Грэммиге» ешқандай әртіс ұсынылмаған. Бүгінде ремикс YouTube-те 145 миллион қаралым жинаған.

Серіктес жаңалықтары