×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Әйел зорлық-зомбылыққа ұшыраған: Ақтөбе облысында полицейлер әрекетсіздігі үшін жазаланды

15.03.2024, 19:32
Коллаж: ulysmedia.kz.

Әйел полиция қызметкерлеріне зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып, арыз түсірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қазір Ақтөбе облысында қамауда отырған әйел жүгінген. Ол жылдар бойы зорлық-зомбылыққа ұшыраған күйеуін өлтіргені үшін қылмысты болған.

– Күдікті полиция қызметкерлеріне зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып, бірнеше рет арыз түсіргенін, бірақ полиция тарапынан ешқандай шара қолданылмағанын хабарлады. Агрессия әрекеті қайталанғанда, арты кісі өлімімен аяқталған.

Алайда әйелдің өтініші басқаша болған: қайғылы оқиғадан кейін оның екі кәмелетке толмаған баласы қайтыс болған жұбайының туыстарының қамқорлығына берілген. Ал олар өз кезегінде балаларға анасы мен оның туыстарымен сөйлесуге тыйым салғаг. Сондықтан өтініш беруші балаларымен қарым қатынас жасау құқығын қалпына келтіруді сұраған, - делінген хабарламада.

Омбудсменнің өкілі жергілікті әкімдік жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, сондай-ақ полиция департаментіне балалардың құқықтарына қатысты заңбұзушылықтарды жою және лауазымды адамдардың кінәсі мәселесін қарау ұсынысымен жүгінді.

Бір полиция қызметкері құқық қорғау органдарынан шығарылды, тағы екі қызметкер қызметінен босатылды.

Серіктес жаңалықтары