×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Коронавирусты емдейтін дәрігерлерге қосымша ақша төленеді

31.10.2021, 13:46
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» үкімет қаулысына түзетулер жобасы әзірленді. Құжатта коронавирусты емдейтін ауруханаларында жұмыс істейтін дәрігерлерге қосымша ақы белгілеу қарастырылған. Қаулы жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Құжатқа сәйкес, коронавирусты емдейтін ауруханаларында жұмыс істейтін дәрігерлер жұқтыру қаупінің дәрежесіне қарай қосымша төлемдер алады.

Жоғары тәуекел:

COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін анықталған реанимация бөлімшелері (төсек) мен басқа да стационарларды қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медициналық персонал, инфекция жұқтырған пациенттермен және (немесе) биологиялық материалдармен тікелей байланысы бар клиникалық бөлімшелер мен параклиникалық құрылымдардың қызметкерлерін қоса алғанда.

Орташа тәуекел:

зертханалардың (сынама алуды қабылдау бойынша бөлімдердің) қызметкерлері:

санитариялық-эпидемиологиялық маманы, дәрігері, зертхана маманы, сынама алу маманы, зертханашы.

Төменгі тәуекел:

COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін анықталған реанимация бөлімшелері (төсек) мен басқа да стационарларды қоса алғанда, провизорлық стационарлардың, провизорлық бөлімшелердің дәрігерлері, орта және кіші медициналық персоналы, инфекция жұқтырған пациенттермен және (немесе) биологиялық материалдармен тікелей байланысы бар клиникалық бөлімшелер мен параклиникалық құрылымдардың қызметкерлерін қоса алғанда.

Серіктес жаңалықтары