×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Президентке петиция: Маңғыстаулықтар «Бекет ата полигоны» атауын өзгертуді талап етті

01.11.2021, 10:09
Фото: Ашық дереккөзден

Осылай деген бір топ азамат президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына петиция жолдап, мәселені сондай-ақ қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың және мәжіліс депутаттарының назарына алуды сұрады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Мұрат Кенжебаев атты азамат петиция мәтінін фейсбуктегі парақшасында жариялады.

«Біз төмендегі қол қоюшы Қазақстан Республикасының азаматтары, сіздерден Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы аумағында орналасқан «Бекет ата, әскери жаттығу полигонының» атауын шұғыл өзгертуді сұраймыз. Себебі Қазақстан аумағында Бекет ата киелі, қастерлі, ардақты тұлға. Сондықтан ол кісінің есімімен тек Мешіт, Медресе, имандылық пен қайырымдылық ұйымдары ғана аталуы мүмкін деп санаймыз. Жас, өскелең ұрпақты адалдыққа, әділетті болуға, елін сүюге, имандылыққа тәрбиелегіміз келсе, киелілеріміздің атын қастерлеп ұлықтай білгеніміз жөн деп есептейміз», - делінген петицияда.

Петицияға қол қойған азаматтар бұл өлкедегі әр шаңырақ қуанған кезінде де, құлазыған кезінде де алдымен Бекеттің атын ауызға алғанын еске салады.

«Бір кезде осынау кең байтақ өлкеге жан-жақтан көз алартқан басқыншыны оның атын айтып ұрандап, оның ұрпағына ту көтертіп, қол бастатып тойтарыс берген. Біздің талай әкелеріміз бен ағаларымыз кешегі қан майданда жан алқымға келгенде де медет сұрап, көз жұмғанда да артындағы шиеттей ұрпақты оған аманат қып қалдырғаны кәміл. Сондықтан да Ел киесі, Жер иесі Бекет Атамыздың есімін қару жарақ, атыс құралдары қолданылатын полигоннан шұғыл алып тастауды талап етеміз!» - дейді петицияға қол қойған азаматтар.

Серіктес жаңалықтары