×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Радикалды қадамдар керек»: Әміржан Қосанов Мәжілісте тосын ұсыныс айтты

23.05.2024, 22:29
«Радикалды қадамдар керек»: Әміржан Қосанов Мәжілісте тосын ұсыныс айтты
Азаттық

Қазақстандық журналист әрі саясаткер Әміржан Қосанов есірткіге әуестігін анықтау үшін студенттердің бәрін тексеруді ұсынып отыр. Ол бұл ұсынысты Мәжілісте өткен қоғамдық палатаның отырысында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қосановтың ұсынысы

Қоғамдық палатаның отырысында жастардың есірткіге әуестігі, оны сатып ақша табуға тырысуы қоғамда үлкен проблемаға айналғаны айтылған. Отырысқа Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев қатысқан.

– Радикалды қадамдар керек сияқты. Яғни мұнда терапия жеткіліксіз. Есірткі ең алдымен жастарымызға келеді: мектеп, институт, университет. Мынадай ұсынысқа қалай қарайсыздар. Қазір Қазақстандағы есірткіні пайдалану жағдайы шынымен қандай екенін білу үшін мүмкін еркінен тыс болса да, барлық ЖОО-дағы студенттерді есірткі пайдалана ма, пайдаланбай ма деген тесттен өткізсек. Сонда біз Қазақстандағы есірткінің нақты жағдайын білер едік, – дейді ол.

ІІМ жауабы 

Марат Қожаев ұсыныс орынды болғанымен, ата-аналар оған қалай қарайтыны ескерілуі керектігін атап өтті.

– Жақсы-ақ жақсы. Қолдар едік. Студенттер мен мектеп оқушыларын наркоскринингтен өткізу үшін қаншама қаражат та керек, — дейді ол.

Ал депутат Снежана Имашева бұл ұсынысқа қарсы емес екенін журналистерге берген жауабында айтып қалды.