×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Салафилік көзқарасты ұстанғандар алған бетінен қайтпайды – дінтанушы елдегі діни бөліну жайлы

Салафилік көзқарасты ұстанғандар алған бетінен қайтпайды – дінтанушы елдегі діни бөліну жайлы
Коллаж: Ulysmedia.kz

Белгілі дінтанушы Кеңшілік Тышқанұлы өзінің facebook-парақшасында еліміздегі дін айналасында болып жатқан оқиғалар туралы пікір білдіріп, мешіт жамағатының діни сенім тұтастығы жоғалып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Уахаби-салафиттар» сауда-саттықтың айналасына шоғырланған

...Салафилік көзқарасты өзіне құндылық ретінде ұстанғандар «Соқыр көргенінен жазбайдының» кебін киіп, алған бетінен қайтпайды. Олар үшін рухани бірегейлік, мұсылманшылық ізгілік, ауызбіршілік, елдік мүддеден гөрі бір рет айғайлап айтқан «әмин!» қымбат. Сол арқылы барлық дәстүрлі дінге, үлттық салт-дәстүрге, елдік мүддегеге қарсылығын білдіріп тұрғандай. Тіпті мешітте сырттай «Ханафи» болып намаз оқып жүрген бұрынғы салафиттардың үйде намазды қалай оқитындығын ешкім саралап жатқан жоқ, - дейді дінтанушы.

Кімге өкпелейміз

Оның пікірінше, пайғамбардың «Рызықтың оннан тоғызы кәсіпте» деген хадисін басшылыққа алған «уахаби-салафиттар» сауда-саттықтың айналасына шоғырланған. Бір-бірін қолдап, байлап, бақылап өсіп-өніп келеді.

Оқи отырыңыз: Салафишіл топтардың мешіттегі бассыздығы ханафилердің наразылығын туғызып жатыр – сарапшы

Екіншіден, мешіт жамағатының діни сенім тұтастығы жоғалып барады. Кім не десе де енді жалпы қазақтың басын былай қойғанда, мұсылман қазақтың басы бір қазанға сыймайды. Себебі, ағымдар орнығып, таралып үлгерді. Енді тек таралу (ақырын немесе жылдам) үрдісі жүре береді. Ал жамағаттар таралған сайын намазда талас, имамдықта талас, дінде талас толастамайды. Түбі кім жеңері белгісіз бірақ, бөлінушіліктен құтыла алмаймыз. Бұған басты себеп дүмшелік, руханияттың, діни білімнің жайына қалуы. Пайғамбардың «Рызықтың оннан тоғызы кәсіпте» деген хадиіс басшылыққа алған «уахаби-салафиттар» сауда-саттықтың айналасына шоғырланған. Бір-бірін қолдап, байлап, бақылап өсіп-өніп келеді. Олардың теріс ағым болуында ешкімнің шаруасы жоқ, сауда жасап кәсіптерін дөңгелетуге бәріміз ат салысып жатырмыз. Кімге өкпелейміз?! – дейді ол.

Ұлттық бірегейлікке сызат түсіре бастады

Дінтанушының айтуынша, діни бірегей идеология, талап, ағымдардың жақтастарын жұмсақ немесе қатал тәртіппен жолға салу тетіктерін толық қалыптастыра алмадық.

Үшіншіден, зайырлылық пен діни әралуандықты құндылық саналған елімізде сен тимесең мен тимен бадырақ көз деген ұстаным басым. Діни бірегей идеология, талап, ағымдардың жақтастарын жұмсақ немесе қатал тәртіппен жолға салу тетіктерін толық қалыптастыра алмадық. «Былай тартсақ өгіз өледі, былай тартсақ арба сынадының» кебінен көз алдымызда дінді жаманатты еткен, елдігіңді мансұқтап, ата-бабаңды адасқан қылған топтардың алдында ел болып қауқарсыздық танытып отырмыз. Бұған төзімі жетпегендер тәңіршілдіктің сойылын соғып кетті. Ендігі жерде діни бірегейлікті былай қойғанда ұлттық бірегейлікке сызат түсіре бастады. Көпшіліктің пікірін, сенімін, амбицияларын өз еріктеріне қалдыру кейде үлкен зиянға жетелеуі мүмкін. Сала мамандары барын салып жағдайды реттеуге, адасқандарды жолға салуға тырысып жүр. Амал нешік, кейде заңымыз біздің емес, солардың жағына шығып кетеді. Бекерді мемлекетті кәпір, заңды ширк дейтіндер барып сөйлесе қалайын десең «Қандай құқың бар?» деп телефонын ала жүгіргенде қауқарсыз болып қаласың! Бірігіп ел болайық, ауызбіршілікті мұсылман болайық, бір имамның артында тұрып, бірдей құлшылық қылайық деген жанашырлықты өзің сезінгенің болмаса сезіндіре алмайсың! Әр саланың «бір кем дүниесі» бар... – деп ойын қорытындылады Кеңшілік Тышқан.

Мешіттегі оқиға

Еске салсақ, Шымкент қаласындағы «Abdusattar» мешітінде намаз оқып жатқандар арасында төбелес болған еді. Бұл оқиға қоғамды дүр сілкіндірген болатын. 

Имам «намаз үстінде «Әмин» деген сөзді дауыстап айтуға болмайды» деп ескерткен. Алайда бұл ескертуді елемеген бір адам «әмин» деп дауыстап айтқан. Бұған шыдамаған біреу әлгіні бетінен ұрып, шалқасынан түсіреді. Желі қолданушылары оқиғаны қызу талқылады.

Көп өтпей Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Оқиғаның қалай болғанын мешіт имамы айтып берді.