×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қандай отбасылар байып кетеді – сарапшы пікірі

11.07.2024, 11:15
Қандай отбасылар байып кетеді – сарапшы пікірі
ulysmedia.kz

Экономист Аман Әлімбаев америкалық зерттеулерге сүйене отырып, қандай отбасылар қаржылық табысқа жететіні туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржы дағдыларын зерттеу

Қаржымен байлынысты әдеттерді зерттеумен айналысатын Аман Әлімбаев қаржылық сауаттылықты үйретіп қана қоймай, адамдардың қаржы дағдыларын жақсы жаққа өзгертуге тырысады. Болашақта ол инвестициялар бойынша тәлімгер болуды жоспарлап отыр, өйткені әркім өз қаражатын қалай еселей алатынын бағамдай білуі қажет.

Зерттеу не дейді?

Жақында Әлімбаев қызық зерттеуге тап болған. Бұл бұрыннан белгі факт болса да, мәселенің түп-төркініне тереңірек үңілуге итермелейді.

Зерттеуде байып кеткен отбасыларда қаржыға қатысты шешім қабылдайтын тұлғаның қаржылық сауатты бар болып шыққан.

Отбасындағы CFO рөлі

Отбасыда ақшаға ие адамның бірі-әйелі немесе күйеуін - CFO (Chief financial officer) деп атауға болады. CFO-ның қаржылық сауаты жылдар бойығы тұрақты тәжірибе арқасында өседі.

Қаржылық сауат айырмашылығы

Ұзақ жылдар некеде болған ерлі-зайыптылардың қаржылық сауатын тексергенде, CFO мен CFO емес тұлғаның арасындағы алшақтық айтарлықтай болады. CFO-ның қабілеті жұбайынан едәуір жоғары.

CFO еместерді не күтеді?

Иә, CFO емес жұбайы үшін үлкен қауіп бар. Басына іс түскен жағдайда ол қаржыны басқара алмай әуре-сарсаңға түсуі мүмкін. Дұрыс емес шешімдер қабылдау тіпті, банкрот ықтималдығы артады.

Аман Әлімбаев қаржылық сауаттылықты арттыру және тәуекелдерді азайту үшін ерлі-зайыптылардың екеуінің де отбасының қаржылық саясатына тең қатысуының маңыздылығын атап өтті.