×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Шораевқа қандай кеңес бересіздер?

16.07.2024, 08:15
Шораевқа қандай кеңес бересіздер?
әлеуметтік желіден

Белгілі қоғам белсендісі, журналист Арман Шораев өзінің испан тілін үйренгісі келетінін айтып, әлеуметтік желі қолданушыларынан көмек сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кешегі испандықтардың женісінен соң, испан тілін үіренгім келді. Достар, қандай ой? Ағылшын тілі немесе испан? – деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Арман Шораев кім?

Арман Төлегенұлы 1970 жылы 7 мамырда дүниеге келген.

1990 жылы Көкшетау педагогикалық институтын, Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

2001 жылы - "Әділет" Жоғары құқық мектебін, заңгер;

2005 жылы - Көкшетау экономика және менеджмент институтын, экономика магистрі мамандығы бойынша тәмамдаған.

1989-1991 жылдары - Көкшетау облыстық радиосының жастар бағдарламаларының редакторы;

1991-1995 жылдары - Көкшетау облыстық телерадиокомпаниясының тікелей эфир бағдарламаларының жүргізушісі;

1996-1997 жылдары - "Оқжетпес"тәуелсіз ТРК директоры;

1997-1999 жылдары - Астана қаласы бойынша КТК телеарнасының меншікті тілшісі;

1999-2004 жылдары-Ақмола облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы;

2004-2006 жылдары - "Хабар "Агенттігі" АҚ орталық бюросының директоры;

2005 жылы-республикалық қоғамдық штабтың баспасөз қызметінің басшысы ҚР президенттері Н. А.

2006 жылы - "Хабар" Агенттігі " АҚ Бас директорының орынбасары;

2006-2007 жылдары-ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы;

2007-2014 жылдары - "Коммерциялық телевизиялық арна"АҚ Бас директоры;

Қазақстан Журналистер Конгресі атқару комитетінің мүшесі. ҚР Президенті жанындағы БАҚ (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі.

Үйленген, төрт баласы бар.

Тағы да...

«Қазақстан барысы» - Қазақ күресі чемпионатының негізін қалаушы. 8-сайланған Мәжіліс депутаттығына бір мандаттық окургтан атын ұсынып, сайлана алмай қалған.

Ол жақында ғана «әйелін сабады» деген әңгімеден басын әрең арашалап алған болатын.

Әйел затына қашан қол көтергенімді есімде түсірдім. 4-сынып оқитын едім, сыныптасым Света Буторина әкемнің жоғын бетіме басты, бір жыл бұрын әкемнен айырылғандықтан оның сөзі жаныма батып кетті, - деп жазды Арман Шораев ФБ парақшасына сол оқиға жайлы.