×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Түріктер «Томирис» фильмінің желісі бойынша сериал түсіреді

17.11.2021, 00:57
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан мен Түркия «Қазақфильм» киностудиясы Sataifilm компаниясымен бірлесіп түсірген, режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмінің негізінде бірлескен тарихи сериал түсіреді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, жобаны Түркияның жетекші телеарнасы TRT телерадиокорпорациясы жүзеге асырады.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың жақында Ыстамбұлда өткен Korkut Ata Turkic World Film Festival түрік арнасының өкілдерімен кездесуінен кейін белгілі болды. Аталған басқосуға «Қазақфильм» киностудиясының басшылығы – президенті Ақан Сатаев пен вице-президент Айдар Баталов та қатысқан болатын.

Айта кетейік, «Қорқыт ата» фестивалінің шымылдығын ашқан «Томирис» фильмі түрік жұртшылығына жақсы таныс. Қыркүйек айында массагеттер ханшайымы туралы кинотуынды Түркияда 200-ден астам кинотеатрда көрсетіліп, көрерменнің үлкен қызығушылығын тудырды.

Еске сала кетсек, биыл Түркияның мәдениет және туризм министрлігі алғаш рет ұйымдастырған Korkut Ata Turkic World Film Festival кинофестиваліне 13 елден 42 кинокартина қатысты. Байқау бағдарламасында «Қазақфильмнің» туындылары, оның ішінде режиссер Рүстем Әбдірашовтың «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи фильмі, режиссер Бақыт Қайырбековтың «Огонь, мерцающий в сосуде» деректі фильмі, режиссер Адай Әбелдиновтың «Күлтегін» толықметражды анимациялық фильмі, режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» кинотуындысы және т.б. көрсетілді.

Серіктес жаңалықтары