×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Олигарх Орифджан Шадиев мемлекетке қарызын қайтарды ма?

Олигарх Орифджан Шадиев мемлекетке қарызын қайтарды ма?
kapital.kz

Жоғары соттың азаматтық істер жөніндегі судьялар алқасы Ұлттық банктің кәсіпкер Орифджан Шадиевке қатысты шағымын қанағаттандырмай, бірінші инстанциядағы соттың шешімін жойды, деп хабарлады  Ulysmedia.kz. 

Жоғары соттың мәліметіне қарағанда, Ұлттық банк Шадиевке тиесілі төрт компанияның қызметіне күмәнданған. Банк бизнесменнің заңды айналып өтіп, мемлекетке қарызын төлегісі келмегенін анықтағысы келген. Алайда кассацияда белгілі болғандай, Шадиев 2016 жылы Ұлттық банктен Capital Bank Kazakhstan-ды банкроттықтан құтқару үшін алған 16,2 млрд теңге көлеміндегі қаржатты қайтарып берген. Осылайша Шадиев мемлекетке қарызын өтеген.

CAPITAL BANK KAZAKHSTAN КІМНІҢ БАНКІ?

Capital Bank Kazakhstan банкінің жалғыз акционері Орифджан Шадиевтің болған. Сондықтан ол 2017 жылы банктің қаржылық жағдайын жақсарту үшін Ұлттық банктен 20 млрд теңге алған. Бұл соманы банк ақшаны Ұлттық банкке беріп, мемлекетке сол жылдың қараша айында қайтарып беруі тиіс еді. Алайда қарыз дер кезінде қайтарылмай, Ұлттық банкпен тағы бір келісімшарт жасалған. Осы құжат бойынша 2020 жылдың ақпан айында кәсіпкер мемлекетке қарызын қайтаратын болған. Сөйтіп, 2020 жылы да бизнесмен қарызын төлей алмай, ақыр-соңында Ұлттық банк  Capital Bank Kazakhstan-тың лицензиясын қайтарып алған.

Сол кезде Шадиевтің Ұлттық банкке қарызы 15,7 млрд теңгеге жетті. Бұл соманы ол бес траншпен қайтаратын болған. Бірақ бірінші инстанциядағы сот бизнесменнің Ұлттық банкпен келісімінің күшін жойып, оған қарызын өтеу үшін тағы бір мүмкіндік берген.

Сөйтіп, кәсіпкер «Алтынстрой» коропрациясы арқылы мемлекетке 16 213 101 476 теңге көлеміндегі қарызын өтеген.

ШАДИЕВ ДЕГЕН КІМ?

Орифджан Шадиев – олигарх Патох Шодиевтің жиені. Ол Capital Bank, AsiaCredit Bank пен көптеген ЖШС-лерге иелік еткен.

Tengri Bank-тің бұрынғы басшысының айтуынша, Шадиев Tengri Bank, AsiaCredit Bank пен Capital Bank-ті біріктіруді қалап, осы бағытта жұмыс істеген. Алайда, аталған банктердің бәрінің лицензиясы тартып алынған соң, олар банкрот болып жабылған.

Осы жерде банктердің қызметіне қатысты тағы бір соңғы хабарды айтсақ, бүгін «ТұранӘлем» банкі АҚ бұрынғы басқармасы төрағасы Ержан Тәтішевтің туыстары кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиден 20 млн АҚШ доллары көлемінде өтемақыны төлеуді талап еткені туралы мәлімет шықты. Бұл туралы Мұратхан Тоқмәдидің қызы Зера Шакерхан айтты.