×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ақтөбе облысында дәрігерлердің кесірінен 4 жасар қыз мүгедек болып қалған

Ақтөбе облысында дәрігерлердің кесірінен 4 жасар қыз мүгедек болып қалған
Фото: видеодан скрин

Ақтөбе облысында 4 жасар қыздың ата-анасы ауруханадан 10 миллион талап етіп, сотта жеңіп шықты. Себебі қатты күйік шалған балаға дәрігерлер бір ай бойы ота жасауға асықпаған. Салдарынан ол мүгедек болып қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Не болды

КТК телеарнасының мәліметінше, өткен жаздың басында Балымның бөксесі, жамбасы, аяғы мен табаны қатты күйген. Ата-анасы бірер секундқа көз жазып қалған кезде ол үстіне қайнаған суы бар қазанды төгіп алған. Төрт жасар қыз көп бейінді балалар ауруханасына жатқызылған. Үш күндік қарқынды терапиядан кейін ота жасалуы керек еді, бірақ жасалмапты.

24-іне дейін күтсін деді, өйткені жалғыз комбустиолог демалыста екен. 24-і жұмысқа шығады, отаны өзі жасайды деді. 24-і таңертең ота жасалуы тиіс еді. Бірақ терінің донорлық қақпақтарын кесетін Dermaton құрылғысы жоқ деп болмай қалды, – деді баланың анасы Гүлдерай Ғаділшина.

Әйелдің айтуынша, олар барлық дәрі-дәрмек, таңғышты, тіпті жабысқақ гипсті өздері сатып алған. Ал ауруханада жатқанда, жараны кәдімгі желдеткіштің көмегімен кептірген. Ал негізінде олай жасауға болмайды екен. 

«Анальгин де бермеді»

Ең сорақысы, Ақтөбенің көпсалалы ауруханасында мамандар ауруды басатын дәрі-дәрмексіз таңу жасап берді. Олар анальгин де бермеді! Менің адвокатым айтқандай, "фашисттік әдістерді" қолданды. Мен дәрігерлерге сендім. Бірақ хаттама бойынша балалардың күйік ауруы кезінде таңу әр төрт күн сайын наркозбен жасалуы тиіс, – деді Балымның анасы.

Ота кейінге шегеріле берген соң ата-ана Орынборға өз бетімен баруды ұйғарады. Алайда осы кезде баланың ауруы асқынып кетіпті.

Оқи отырыңыз: Талдықорғанда облыстық аурухана дәрігерлеріне жалақы берілмей, балаларын сабаққа жібере алмаған

Гемоглобині айтарлықтай төмендеп, жараларынан қан кеткен, дене температурасы көтерілді.

Ота сәтті өтсе де, Балым аяғына тұра алмаған. Мүгедектік берілген. Ата-ана бұған дәрігерлердің салғырттығы себеп болды деп санап, оларды сотқа берді.

Сот үкімі

Ананың баласының мүддесін көздеп, қалалық мемлекеттік ауруханалардың біріне моральдық шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. Сапасыз қызмет көрсету салдарынан баланың көрген физикалық және моральдық азаптарын ескере отырып, сот жауапкерден моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге және материалдық шығын ретінде миллионнан астам соманы өндірді, – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Айжамал Сүндет.

Дәрігерлер сот үкімімен келіспейді

Бірақ дәрігерлер мұндай ақшаны төлеуге дайын емес және шешімге қарсылық білдірді. Олар баланың мүгедектікке не себеп болғанын анықтау үшін сараптама жүргізуді сұрайды. Бұл олардың кінәсі емес екеніне сенімді. 

Оқиғадан кейін биыл қыста бір бала дәл осындай күйікпен ауруханаға түскен. Балымнан айырмашылығы, ауруханаға түскен соң оған екі күннен кейін ота жасалды. Бір аптадан кейін бала бірден дерлік сауығып кетті. Ата-ана Балымға да дереу ота жасалғанда, ол да жазылып кетер еді дейді.