×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Атазаң, Тәңір-жомарт, Нұрпатшайым: Қазақстандағы ерекше есімдер

28.11.2021, 15:37
Фото: ашық дереккөз

Елімізде Қазақстанды бейнелейтін есімдер бар. Тарихи тұлғалардың есімі берілгендер де аз емес. Бұл туралы  Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Елімізде Қазақстанды бейнелейтін есімдері бар адамдар кездеседі: Қазақстан - 32 адам; Нұрсұлтан - 44 387 адам; Астана - 26 адам; Тәуелсіздік - 1 адам; Елбасы 67 - адам; Атазаң - 1; Теңге - 86 адам атымен. Сондай-ақ, қазақ қайраткерлерінің есімдері де кездеседі: Ахмет Батұрсынов - 11; Мағжан Жұмабаев - 105; Сәкен Сейфуллин - 11; Ільяс Жансугиров - 1. Ерекше есімдер: Тәңір-Жомарт - 1 адам; Нұрпатшайым - 1 адам; Ахмет Байтұрсын - 1 адам; Ақ-тілек - 1 адам; Сүйкімді - 1 адам; Таңғажайып - 1 адам; Тәттім - 1 адам; Султан Бейбарыс - 1 адам; Ару-Астана - 1 адам; Сұлубике - 1 адам», - делінген бюро дерегінде.

Сондай-ақ бюро Қазақстанда 2020 жылы ата-аналардың балаларына қойған ең көп есімдерді де ұсынады. Ең көп берілген есімдер мыналар: ұлдарға Алихан - 4661; Айсұлтан -3377; Нұрислам - 2959; Алдияр - 2362; Амир – 2348ал, қыздарға Медина - 5534; Айлин - 4946; Раяна - 4678; Айша - 4619; Асылым – 4443.