×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақстандық коммунист-депутат Соростан 12,5 млн теңге грант алған

06.12.2021, 11:33
Фото: Ulysmedia.kz

Мәжіліс депутаты, «Кипр» аналитикалық тобының жетекшісі Ерлан Смайлов Парламент сайлауы қарсаңында Сорос-Қазақстан қорынан 12 млн 500 мың теңге көлемінде гранттық қолдау алған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

2020 жылы Сорос-Қазақстан қоры COVID 19 бағдарламасы аясында Ерлан Смайлов басқаратын «Кипр» аналитикалық тобына қолдау көрсеткен. Сорос-Қазақстан қоры 1995 жылдан бері Қазақстанда ашық қоғам құндылықтарын жылжыту үшін құрылған үкіметтік емес қайырымдылық ұйымы ретінде жұмыс істеп келеді.

Осылайша аналитикалық сарапшылар тобы 2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында экономикалық теңсіздік және кедейліктің өсуі тақырыбында қор демеушілігімен алты талқылау өткізген. Смайлов қомақты грантқа ие болған тұста Қазақстан Халық партиясы сайлауалды штабын таныстыруды 2020 жылы желтоқсан айында бастап кеткен болатын. Ерлан Смайлов аталған партияның мүшесі ретінде тіркеліп, сайлауға қатысты. Ал сайлау кезінде жарнама ақысын төлеуге, ел аралауға, бас сайлау штабының қызметкерлерін жалдауға және ел аралауға, жүріп-тұруға, үй-жайларды жалға алуға, социологиялық зерттеулерге, үгіт материалдарына айтарлықтай қаржы жұмсалатыны белгілі.

Қор мен болашақ депутат Смайловтың сайлауалды үгіт кезіне сай келген бейресми уағдаластығында пайдалы мемлекеттік тапсырыс алу үшін талаптану жатқан жоқ па деген күмәнға жетелейді. Бұл орайда белсенді, almakz.info бас редакторы Ұлан Шамшет аталған әлеуметтік жобаға орындалу деңгейі мен қоғамға пайдасы тұрғысынан қарау керектігін айтады. Оның сөзінше, Қазақстан Халық партиясының қандай да бір саяси идеологияға қатысы жоқ.

«Жалпы Қазақстан Халық партиясы деп атын өзгерткен партия кәсіпкерлер мен саудагерлердің партиясы ғой. Коммунистік партия деген атауы ғана болмаса, қандай да бір саяси идеологияға қатысы жоқ қуыршақ партия. Сондықтан кім кімнен грант алып жатыр маңызы жоқ, сұрақ орынсыз. Өзіңіз ойлап қараңыз, Қазақстан демократиялық ел деп аталғанымен, демократиялық ел қатарына жатпайды. Бізде аты затына сай емес дүние көп. Сондықтан коммунистік партияның бір мүшесі АҚШ қаржыландыратын қордан ақша алыпты дегенге ешқандай таңданбаймын. Ал азаматтық қоғамға әлеуметтік жоба қаналықты тиімді болды дейтін болсақ, ол – бөлек сұрақ», – дейді ол.

Шетелдік қордың қандай да бір лоббистік пиғылы жоқ деген сауалымызға Ұлан Шамшет былай деп жауап берді.

«Жоқ, олай ойламаймын. Шетелдіктер өзіне керек қазба-байлығын сонау 90-шы жылдары бөлшектеп, алып алған. Оларға енді лоббистік әрекет не үшін керек? Тіпті Сорос-Қазақстан қорының Қазақстанда асып бара жатқан экономикалық, бизнес мүдделері жоқ», – деген ол шетелдік қорлардың Қазақстандағы азамттық қоғам қалыптастыруға соншалықты бейілді емес екенін атап өтті.

«Сорос-Қазақстан қоры теңдік, азшылық өкілдерін қолдайтыны белгілі. Ал оның парламентке келіп, тікелей саясатқа араласады дегенге өз басым сеніңкіремеймін. Қордың азаматтық қоғамды дамытуға деген ұраны, жоспары бар. Бірақ оған менің көңілім толмайды. Жемқорлық жүйесінде өмір сүріп жатқан Қазақстан халқы, қорлар мен елшіліктердегі сыбайластыққа таңқалмайды. Шетелдік қорлар көбіне бақылау, мониторингпен айналысады. 20 жылдан бері байқағаным мұндай қорлардың елдегі демократияға, сөз бостандығына пайдасы аз», – дейді белсенді.

Еске сала кетейік, 2021 жылы 10 қаңтарда Қазақстанда алғаш рет парламент сайлауы өтті. Сайлауға қатысқан бес партияның ешқайсысы жаңадан құрылмаған. Кәсіпкер, «Кипр» аналитикалық тобының жетекшісі Ерлан Смайлов Қазақстанның халық партиясынан (бұрынғы Қазақстан коммунистік халық партиясы) жаңа мәжіліске барды. Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке келгелі бірініш рет өткен сайлауды көпшілік шынайы бәсекесіз өткен сайлау деп есептейді. Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауын өткізуге бюджеттен 15,3 млрд теңге бөлінді.

Серіктес жаңалықтары