×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Атырауда ашынған ана жолды жаппақ болды. Полиция түсініктеме берді

11.10.2024, 18:01
Атырауда ашынған ана жолды жаппақ болды. Полиция түсініктеме берді
дереккөз

Бүгін таңғы сағат 09:00 шамасында Атырау қаласының тұрғыны прокуратураның алдындағы жол қиылысын жаппақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘЛІМДЕМЕ

Ол тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай, кедергі келтірген. Айта кетейік, аталған азаматша тамыз айында достарымен бірге Жайық өзеніне барып, суға батып қаза тапқан жасөспірімнің анасы. Полиция баланың өлімі бойынша тамыз айынан бері қылмыстық істі тергеп жатыр. Анасына тергеу жан-жақты жүріп жатқаны хабарланды. Тергеу барысы департамент басшылығының тікелей бақылауында, - деп түсіндірді полиция департаменті.

АНА НЕГЕ АШЫНДЫ

Естеріңізде болса, биыл 21 тамызда жетінші сынып оқушысы Атырау маңындағы Ақжар ауылында жұмбақ жағдайда суға батып кеткен. 

Достары анасына жасөспірімді орта мектеп оқушысы суға итеріп жібергенін айтқан. Марқұмның анасы Анаргүл Қасантаева тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы «абайсызда адам өлтіру» бойынша жүріп жатқанына наразы. Ол істі қайта қарауды талап етіп жүр. Тергеу тым ұзаққа созылып, орнынан қозғалмағанына байланысты ашынған ана осындай әрекетке барған.