×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Жеткілікті зейнетақы шегін төмендету туралы петиция іске қосылды

04.12.2021, 17:55
Жеткілікті зейнетақы шегін төмендету туралы петиция іске қосылды
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Онлайн-петицияны әзірлеушілер, Қазақстан халқын, зейнетақы шотындағы артық соманы шешкенде шотта қалуы тиіс қаржы мөлшерін көтеру жайлы БЖЗҚ шешіміне қарсылық танытуға шақырады деп хабарлайды Ulysmedia.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинағын алуда 2022 жылға ең төменгі жеткіліктілік шегін ұлғайтқанын жариялады. Егер 20 жасқа қажет төменгі сома қазір 1,7 млн теңгені құраса, келесі жылдан бастап ол 3,1 млн теңгеге дейін өседі, яғни 1,8 есе. Бұл ақылға сыйымсыз! Бұрын тұрғын үй сатып алу немесе емделу үшін жинақталған ақшаны алуға қандай да бір мүмкіндік бар еді.

Біз, петицияға қол қойған Қазақстан азаматтары БЖЗҚ-дан жеткіліктілік шегін ақылға қонымды шекке дейін төмендетуді талап етеміз. БАҚ пен блогерлерден осы мәселені барынша ашық көрсетулеріңізді сұраймыз», - делінген петиция мәтінінде.

Еске сала кетсек, құзыретті мамандар, зейнетақы қаржысын алуға қажет төменгі жеткілікті шектің күрт өсуін 2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер мөлшерінің ұлғайтылуымен (ең төменгі жалақы мөлшері 2021 жылы 42 500 теңгеден 2022 жылы 60 000 теңгеге дейін (немесе 41%) өседі) түсіндірді. Ал сарапшылар, бұған дейін шотындағы артық ақшаны БЖЗҚ салымшыларының 7%-ы ғана ала алған болса, енді олардың қатары тіпті 3%-дан да азға төмендегенін айтады.