×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Биыл қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Биыл қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Коллаж: Ulysmedia

Биыл 14 391 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 142,7 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕЛІМІЗДІҢ ТҮРЛІ ӨҢІРЛЕРІНЕ ҚОНЫСТАНҒАН

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,8%-ы Қытайдан, 39% – Өзбекстаннан, 5,9% – Моңғолиядан, 5,2% – Түрікменстаннан, 2,9% – Ресейден және 1,2% басқа елдерден.

Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,6%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,1%-ды және зейнеткерлер 9,3%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,9%-ы жоғары білімді, 24,4%-ы орта кәсіби білімді, 54,4%-ы жалпы орта білімді, және 3,3% білім жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды, – деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

ҚАНДАЙ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БАР

Қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталған: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 3 033 адамды құрайды. 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 477 қандас қоныс аударды.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге — бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

Жыл басынан бері 2140 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді.  Атап айтқанда, 575 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, — деп жазылған ақпаратта.

Еске салсақ, бір ай бұрын министрлік 12 мың 325 этникалық қазақ елге оралып, қандас мәртебесін алғанын мәлімдеген болатын.