×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Ләйлә Сұлтанқызы: Буллинг құрбанымын

08.12.2021, 20:07
Фото: YouTube/Гүлнар Бажкенова

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы кибербуллинг құрбаны болғанын екі жылдан кейін мойындады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Ол Гүлнар Бажкеноваға берген ашық сұхбатында: «Буллинг деген ұғым сөздік қорымызға жақында ғана енді. Бұл дегеніміз – қорлау.  Мен үнемі адамның жеке басына өтпеңдер деймін. Себебі адамның оқиғасын, өмірлік жолын білмейміз. Ал буллинг жасау, тіл тигізіп, жек көру, сосын оны ұмыта салу оңай», - дейді.

Сонымен қатар сын пікірлердің астына қалған журналист неліктен бұл істің сот процесіне дейін жеткендігін бірінші рет айтты.

«Бұл жағдай маған өте ауыр тиді. Шынымды айтсам, бәрі менен теріс айналғандай күй кештім. Инстаграмда миллиондай адам шағымданып, парақшамды жапқысы келді. Ол кезде бұл тығырықтан қалай шығарымды білмедім. Заңгерлермен ақылдастым. Мен ешкіммен соттаспайтын едім. Бірақ бір сөз жаныма ерекше батты. Олар мені «нашар ана» дей бастады. Аналық махаббатыма баға беріп жатқандары, «бұл өзі қандай ана» дегендері өте ауыр тиді. Кезінде менімен шай ішкен, әңгімелес болған жандар осындай сөздер таратқан. Сөзбен сынағандарды сотқа беруімнің жалғыз себебі – осы», - деп ағынан жарылды.

Қазір мен кибербуллингтің құрбаны болғанымды ашық айтамын деген журналист ол кезде не істерін білмей қалғанын, коммуникация құралдарын қолданып, ешкімге ашық ештеңе айтпағанымды түсіндім деген пікір де қалдырған.

«Буллингке кез келген адам тап болуы мүмкін, оларды ересек, кішкентай деп бөлуге болмайды. Психологтар балаңыз кіммен достасып жүргеніне мән беріңіз деп жатады. Сол себептен де ата-ана баланың әлеуметтік желісін бақылауы керек. Себебі кез келген жағдай буллинг пен хейтке айналып кетуі мүмкін. Бұл өте қауіпті», - деп қазіргі қоғамда белең алған, тіпті адамның өз-өзіне қол жұмсауына алып келетін буллингтің зардабы туралы да өз ойын айтты.

Сұхбатта телевизия саласына еңбек сіңірген журналист бұдан да басқа тақырыптарды, атап айтсақ, қазақ аудиториясы, телевизиядағы қызметі және жеке өміріне қатысты мәліметтері мен қоғамдағы «ұят» түсінігінің салдарларымен бөліскен.

Серіктес жаңалықтары