Қазнетте зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігінің шекті деңгейі, әкімдердің жалақысы, eGov платформасын ресейлік платформаға көшіру транзакциясы, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы төңірегіндегі сұрақтар белсенді талқыланып жатыр. Ал республикалық «Egemen Qazaqstan» газеті қағаз үшін 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын игеруді жоспарлап отыр. Хабарландыру мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамы мемлекеттік бюджет есебінен 988 856 294 теңге болатын газет қағазын сатып алу туралы хабарландыру берді.
Скрин: goszakup.gov.kz
Техникалық спецификацияда қағазды Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Орал, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент қалаларына жеткізу қажет делінген. Құжаттама бойынша өлшем бірлігі килограмм, құны 289,74 теңге. Бір жыл ішінде барлығы 3 412 909,14 кило қағаз жеткізілуі керек.
Скрин: goszakup.gov.kz
«Талқылаудың соңғы мерзімі - 2021 жылдың 14 желтоқсаны, алдын ала өтінімдер 2021 жылдың 30 желтоқсанында аяқталады», – делінген хабарламада.
Хабарландыру жарияланғанымен, құны 1 миллиард теңгеге жуық газет қағазын жеткізу тендерін қай компания жеңетіні жұмбақ күйінде қалды.