×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Ресей ғалымдарымен бірге жазылатын ортақ тарих Қазақстанның мектеп бағдарламасына енгізіледі

03.12.2024, 12:49
Ресей ғалымдарымен бірге жазылатын ортақ тарих Қазақстанның мектеп бағдарламасына енгізіледі
Ulysmedia коллажы

Бұл туралы Қазақстанның оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИНИСТРГЕ СҰРАҚ

Үкіметке келген Бейсембаевке Ulysmedia.kz тілшісі сұрақ қойды.

– Қазақстан мен Ресейдің ортақ тарихшылар тобы 7 томдық еңбек жазғалы жатыр. Біздің кейбір тарихшылар мұны Ресейдің диктофкасымен жазылатын тарих деп бағалайды. Сізге сұрақ: олардың бұл тарихы біздің мектептерде оқу бағдарламасына енгізіле ме? – деп сұралды министрден.

БЕЙСЕМБАЕВ НЕ ДЕЙДІ

– Ғылыми зерттеулер жасалып жатқаны белгілі. Оны ғалымдар толыққанды шешіп болғаннан кейін оның ішіндегі мектеп бағдарламасындағы қажетті ақпараттар әрине, енгізуде негізге алынатын болады. Ол сөзсіз. Қазақстан тарихы оқулығы жазылған кезде ғылыми еңбек үнемі негізге алынып отырады, – дейді министр.

“Десе де, Қазақстан мен Ресейдің тарихшылары екі елдің ортақ тарихына екі көзқараспен қарайтынын ескерсек, бұл жағдай қоғамда қайшылық, туғызбай ма? Мәселен, Ресей тарапы Қазақстанда өткен ғасырдың отызыншы жылдары болған Ашаршылық жайлы ауыз ашқысы жоқ. Бұған не дейсіз?” Осы сұраққа министр “ол жағын мамандарға берейік” деп жауап берді.

РЕСЕЙДІҢ ДИКТОВКАСЫ?

Бұған дейін тарихшы, алаштанушы Сұлтанхан Аққұлұлы Қазақстан-Ресей тарихшыларының жиыны өтіп, ол жерде “Ресей тарихшылары қазақ тарихшыларына ортақ тарихымызды жазайық” деп ұсыныс айтқанын мәлімдеген. Оның сөзінше, жиында тарихта 19 ғасырда қазақ жерінің отарлап алынғаны, қазақ жерін тәркілеп алғаны, қазақтың мәдениетін тас-талқан етіп, ашаршылық ұйымдастырғаны туралы жазылмасын. Ресей мен Қазақ хандығының қосылуын Ресей империясы тарапынан мәдени жаңғырту ретінде қарастырайық деген әңгіме болған. 

Саясаттанушы Дос Көшім  Ulysmedia.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан мен Ресейдің ортақ тарихшылар тобының жұмысын сынға алып, одан алыс болуымыз керек деп мәлімдеді. Ал Белгілі тарихшы, «Қабдеш Жұмаділов» қоғамдық қорының төрағасы Арман Жұмаділов билік өкілдері түсіндіріп жүргендей, Ресеймен ортақ тарих өзара ғылыми ізденістер жасап, деректерді бөлісу емес, тарихты Ресейдің диктовкасымен жазу деп санайтынын айтты.