×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Қазақ тілін білмеу – ұят»: Димаш тілімізді мақтан тұтуға шақырды

14.12.2021, 22:41
«Қазақ тілін білмеу – ұят»: Димаш тілімізді мақтан тұтуға шақырды
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Инстаграм парақшасына қазақ тілін құрметтеуге шақыратын бейнежазба салды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Достар, жақында тіл төңірегінде сөз қозғаған бір жобаға осындай үндеу түсіріп берген болатынмын. Біздің жастарымыз тіліміздің таза болуына,өз жерімізде тіліміздің құнсызданып кетпеуі үшін еңбек ету керек деп ойлаймын. Қазақ тілімен қаруланған қандастарымыз,тілі біраз шорқақтау болып жүрген бауырларымыз қазақша үйреніп бастағанда қолдан келгенше қатесін түзеп жіберіп, көмектесіп, демеу беріп отырайық. Біз Қазақстан деп аталатын өз жерімізде, өз елімізде мемлекеттік тілде, яғни ана тілімізде сөйлеуіміз керек. Тілімізді мақтан тұтып жүрейік», - деп жазды Димаш Құдайберген Инстаграм парақшасына.

Ол бейнежазбада қаны қазақ, жаны қазақ азамат есебінде, қазақстанның азаматы, патриоты есебінде үлкен жүрек қалауларының бірі – еліміздің барлық азаматы өзіміздің ана тілімізде, қазақ тілінде таза, емін-еркін, әдеби нормаға сай сөйлесе деген тілек екенін айтты.

«Әлемнің қаншама мемлекеті өз тілін жақсы көріп, құрмет тұтады. Біздің де басты мәселеміз – қазақ тіліне деген құрметті одан ары арттыру. Қазақ тілінің болашағы біздің қолымызда. Біз қазақ тілін өзіміз құрметтеп, өзіміз мақтан тұтпасақ – бұл тіл бізден басқа ешкімге керек емес. 2-3 тілді еркін меңгерген қазақ баласына өзінің ана тілін білмеу – үлкен ұят», - дейді ол.