×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Түркістанға үш күннен бері ұша алмаған жолаушылар шу шығарды

16.12.2021, 14:25
Фото: Ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында Түркістанға үш күннен бері ұша алмаған жолаушылар шу шығарды. Қызмет көрсету сапасымен жиі сынға ұшырайтын Fly Arystan әуе компаниясының ұшақтары тағы да кешікті, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Жолаушылардың айтуынша, Fly Arystan әуе компаниясының ұшақтары үш күн кешігіп, арасында әуежайға түнеп қалғандар да бар.

Бірнеше күн ұша алмаған жолаушының бірі алғашқы күні ұша алмай әуежайда таңғы алтыға дейін күткенін айтты.

 «Үшінші күн жүрміз. Айқайламасаң бұлар ештеңе істемейді. Таблода ештеңе жоқ», - дейді олар.

Олардың айтуынша, компания тарапынан ешқандай ресми өкіл жолаушылар алдына шығып, мән-жайды түсіндірмеген. Тіпті төтенше жағдай үшін жолаушылардан кешірім де сұрамаған.

Ұшақтың кешігуіне байланысты компанияның әлеуметтік желідегі парақшаларында да ешқандай ақпарат жоқ.  

Әлеуметтік желіде үш күннен бері жүрген жолаушыларды 16 желтоқсан күні ұшаққа отырғыза бастағанын жолаушылар өздері хабарлады.

«Түркістанға үш күн ұша алмаған адамдар бізбен ұшты. Біздің рейс 8 сағатқа кешіктірілді. @flyarystan өте нашар қызмет», – деп жазды Ақерке Ақтай есімді жолаушы.

Серіктес жаңалықтары