×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Пәтер жалдайтын генерал бірнеше миллион тұратын сағат тағатын болып шықты

Фотода: Шымкент полициясының бастығы Ералы Жұмаханбетов

Шымкент қаласының полиция департаменті бастығы, ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, генерал-майор Ералы Жұмаханбетовтің Тәуелсіздік күнімен құттықтауы барысында қымбат сағат тағып отырғаны байқалды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Генералдағы Ulysse Nardin Executive Dual Time Rose Gold сағаты. Қазір шығарылмайды. Бұрын ресми дүкендерде орташа алғанда 22 мың долларға сатылатын. Бүгінде тағылғанын 15-ке сатып алуға болады», – деп жазды журналист Михаил Козачков.

Шымкенттік бас полицейдің өзі бертіндегі әңгімесінде адамдардың шалқып өмір сүретіні жайлы қателесетінін, мемлекеттен бөлінген жалдамалы пәтерде тұратынын айтқан болатын.

«Мен ешқашан пара алмағанмын және алмаймын да. Жұрт қалай тұрып жатқаныма қараса болады. Кейде отбасым болса да, тәулік бойы кабинеттемін. Егер генералдар кең сарайда тұрады десеңіздер, қателесесіздер. Жалдамалы пәтерде өмір сүремін, онда тышқанына дейін маған тиесілі емес. Барлығы мемлекеттікі», – дейді полиция ғимаратында адам өлген атышулы оқиғаға қатысты берген сұхбатында ол.

Серіктес жаңалықтары