×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматыдағы Тәуелсіздік монументі қалай орнатылды (видео)

19.12.2021, 17:00
Алматыдағы Тәуелсіздік монументі қалай орнатылды (видео)
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Президенті телерадиокешені Алматының орталық алаңындағы Тәуелсіздік монументін орнату сәтіне қатысты тарихи таспамен бөлісті деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Онда 1996 жылғы мұрағат кадрлары көрсетіліп, «Алтын адам» мүсінінің арнайы әкелініп, көтерілгені, астындағы пырақты барыспен бірге біртіндеп тұғырына қойылғаны, қажетті бөлшектері бекітілгені баян етіледі.

«Тәуелсіздік монументі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің бес жылдығына орай Алматы қаласында салынған сәулет және мүсін өнері ескерткіші. Авторлары: архитектор Ш.Уәлиханов (топ жетекшісі), мүсіншілері Н.Далбай, Ә.Жұмабаев, сәулетшілері Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев және тағы басқа. Тәуелсіздік монументі сол жылы 16 желтоқсанда ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Түркия президенті С. Демирель қатысты», – делінген ашық дереккөзде.

Монументтің биіктігі 28 м-ге жетсе, айбарлы жас сарбаз кейпіндегі «Алтын адам» 6 метрді межелеуде.