×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Аргентинада Абай көшесі мен Қазақстан алаңы ашылды

19.12.2021, 19:35
Аргентинада Абай көшесі мен Қазақстан алаңы ашылды
Фото: ҚР СІМ

Аргентинада Абай атындағы көше мен «Қазақстан Республикасы» алаңы ашылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Абай Құнанбайұлы атындағы көшенің, сондай-ақ Росарио қаласында «Қазақстан Республикасы» алаңының ресми ашылу рәсімі өтті. Оған Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі және Аргентинада қоса атқарушы Болат Нүсіпов қатысты.

Елші Болат Нүсіпов ел басшылығының ұлттық сана-сезімді, өзіндік мәдени кодты сақтау және мәдени жетістіктерді, оның ішінде шетелде ілгерілету жөніндегі бастамаларын іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» және «Абай – рухани реформатор» мақалалары аясында Абайдың қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі мен оның мұрасының қазіргі қоғам үшін маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Өз кезегінде, Қазақстанның Росариодағы Құрметті консулы Густаво Гутиерес Қазақстан халқының Абай тұлғасына беретін зор маңызын айтып, Абайдың әлемдік мәдениет үшін Шекспир, Гёте, Пушкин немесе Мольер сияқты құндылығы бар екенін жеткізді. Г.Гутиерестің айтуынша, Абай көшесінің ашылуы аргентиналықтарға қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрлерімен танысуға қосымша мүмкіндік беретін болады.