×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қазақстанда қарыз беретін микро қаржы ұйымдары көбейіп барады

21.12.2021, 16:23
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 2021 жылдың тоғыз айында шағын қаржы ұйымдарының жиынтық бөлінбеген пайдасы 62,8 млрд теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда кіріс 3,4 есе өсті деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сонымен қатар, тоғыз айдың қорытындысы бойынша ШҚҰ 2020 жылға қарағанда екі есе көп (32,1 млрд) және 2019 жылға қарағанда 2,7 есе көп (23,3 млрд) табыс тапты.

Екінші жағынан, үшінші тоқсандағы пайда биыл ең аз болды. Шілде-қыркүйек айларында бұл көрсеткіш қаңтар-наурыз айларындағы 21,3 млрд және сәуір-маусым айларындағы 22,4 млрд теңгеге қарағанда шамамен 19,06 млрд теңгені құрады.

Алайда, бұл өте жоғары нәтиже. Мысалы, 2020 жылы ШҚҰ-ның орташа тоқсандық жиынтық пайдасы 8 млрд теңгені құрады. 2021 жылдың екінші тоқсанында шағын қаржы ұйымдары күніне орта есеппен 207,2 млн теңге мөлшерінде пайда алды.

«Пайданың күрт өсуі ШҚҰ қызметтеріне сұраныстың артуы аясында орын алып отыр. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша берілген микрокредиттердің жалпы көлемі 594,6 млрд теңгені құрады (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде). Шілде-қыркүйек айларында бұл көрсеткіш 63,4 млрд теңгеге немесе 11,9%-ға өсті. Жылдық мәнде өсім 214,1 млрд немесе 56,3% болды. Жылдық өсудің қазіргі қарқыны 2017 жылдың төртінші тоқсанынан бастап ең жоғары деңгейде», – делінген шолуда.

ШҚҰ міндеттемелері де өсуде. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша олар тоқсан ішінде 52,6 млрд теңгеге немесе 12%-ға ұлғайып, 490,4 млрд теңгені құрады. Соңғы 12 айда өсім 144,4 млрд немесе 41,7% құрады. Яғни, микрокредиттік ұйымдардың міндеттемелері несие портфелінен біршама баяу болса да, өте жоғары қарқынмен өсуде.

«Активтердің бір бөлігі бойынша рекордтық өсім байқалады: бір тоқсанда плюс 70,8 млрд теңге — 715,5 млрд теңгеге дейін. Соңғы 12 айда отандық ШҚҰ жиынтық көрсеткіші 225,2 млрд теңгеге немесе 45,9%-ға өсті. Сонымен қатар, ШҚҰ қатары да көбейді», – дейді мамандар.

Ұлттық банктің есебінен аңғаратынымыз, 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда 232 микрокредиттік ұйым жұмыс істейді – бұл үш ай бұрынға қарағанда 14-ке артық және жыл басынан бесеуге артқан.

 

Серіктес жаңалықтары