×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Ғылым академиясы ғимаратындағы гей клуб жабылсын - депутат

22.12.2021, 13:41
Фото: ашық дереккөзден

Ахмет Байтұрсынұлының 125 жылдық мерейтойын лайықты түрде атп өтуді ұсынып, Үкіметке сауал жолдаған депутат Қазыбек Иса ұлт ұстазының атындағы институт ғимаратында орналасқан гей клубты жабу мәселесін көтерді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Ғылым академиясының ғимараты – Қазақ ғылымы мен руханиятының символы, қасиетті орда. Осы іргелі ғимараттың жанынан, қазірде ұлт ұстазының аты берілген Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына кіреберіс жағынан кезінде Қаныш Сәтбаев түрлі төтенше жағдайлар салдарынан ғылыми мұраны қорғау үшін, бомбадан паналаушы үлкен жертөле жасатқан.  Жекелердің қолына өтіп кекткен сол жертөле  ұлттық намысқа тиетін, қазақ ғылымының киелі орнын былғап, Ұлт Ұстазының асыл рухын аяққа таптап, әруағын шулататын «Марка» гей-клубы мен «Барвиха» түнгі клубтарына айналған. Тойып секіргендер мен біржыныстылар жын-ойнағы киелі орынды ластауда. Кезінде елді шулатқан Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіріп қойған билборд осы үңгірден шыққан...  Кейін зиялы қауымның шу көтеруімен ол жарнама зорға алынып тасталды, бірақ гей-клуб пен түнгі клуб әлі дүрілдеп жұмыс істеуде...», - деп атап өтті ол.

Депутат үкіметке мерейтойда атқарылуы тиіс 15 пунктан тұратын тізім ұсынды.

Серіктес жаңалықтары