×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Жайылғанова мемқызметкерлерге бос уақытында таксист болуға рұқсат етпек

27.12.2021, 21:46
Фото: ашық дереккөз

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова мемлекеттік қызметкерлер қандай қосымша жұмыспен айналысуларына болатыны туралы айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Бүгінгі күні бізде ондай норма жоқ, бірақ мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан бос кезінде қандай қосымша жұмыспен айналысуына болатыны туралы болашақта заңға кіргізуді ойластырып жатырмыз. Әзірге заңнамада жоқ, бірақ қарастырып жатырмыз», - дейді брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова.

Ол мемлекеттік қызметкерлерге кәсіпкерлікпен айналысуға болмайтынын айтты.

«Жалпы басқа да қосымша жұмыстармен айналысуына болады. Мысалы, отбасын асырауға қосымша қаражат керек болатын болса – жұмыстан бос кезінде таксист бола алады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары