×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

29.12.2021, 19:38
Фото: ашық дереккөз

Келер жылдың 5 қаңтарынан бастап сауда және ойын-сауық орталықтарына, караоке орындарына тек «жасыл статусқа» ие азаматтар кіре алады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

24kz-ның мәліметінше, ел аумағында омикрон штамы анықталған жағдайда шектеу шаралары қайта күшейтіледі. Тиісінше «көк статуспен» жүргендер халыққа қызмет көрсету орталықтарына, «Қазпошта» филиалдарына, банктерге, спорт кешендеріне, бассейн мен фитнеске кіргізілмейді.

Омикрон штамы қазір әлемнің 110 елінде анықталған. Жұқпалы аурудың тарау жылдамдығы дельта штамынан 5 есе жоғары. Осыған байланысты премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов вакциналау және қайта вакциналау науқанын үдету туралы тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары